Kyzylorda-news.kz Экологтар Сырдария өзені сағасының өткізу қабілеті мен ирригациялық көлдерді сумен қамтамасыз етудің артқанын айтты. Арал теңізінде су көлемі 11,5 текше километрге ұлғайған.

Бұл Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасын іске асырудың нәтижесінде болды”,- деп хабарлады Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Экологтар « Ғасыр жобасы « деп атаған жоба мынадай мақсаттарға қол жеткізуге көмектескенін айтады:

Солтүстік Арал теңізінің Көкарал бөгеті, Әйтек құрылыстар кешені, Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгеттері салынды;

Қызылорда, Қазалы қалаларының гидротораптарында, Шардара және Арнасай су қоймаларының бөгеттерінде құрылыс жұмыстарының едәуір көлемі жүргізілді.

«Осыған байланысты Арал теңізінің солтүстік бөлігіне ағатын су көлемі ұлғайды. Арал өңірінің көптеген биологиялық түрлері қалпына келтіріліп, ауыл шаруашылығы алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету жақсарды«, – деп хабарлады Экология министрлігі.

Жобаның бірінші фазасын іске асыру нәтижесінде:
– Сырдария өзені арнасының өткізу қабілеті 350-ден 700 м/с дейін артты;
– географиялық климат түзуші объект ретінде Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау;
– ирригациялық және көлдік жүйелердің сумен қамтамасыз етілуі артты;
– Шардара бөгетін пайдалану қауіпсіздігі мен СЭС-інің жұмыс режимін тұрақтандыру артты.
– өзендегі қолданыстағы құрылыстардың сенімділігі артып, оларды пайдалану мерзімі ұлғайды. Су тораптарының пайдалану сипаттамалары жақсарды;
– Арал өңірінің қазақстандық бөлігінің биоалуантүрлілігі қалпына келтірілді;

«Бұл өз кезегінде көлдерді қалпына келтіруге алып келді және балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік берді. Бұрын теңізде жоғалып кеткен балықтың 13 түрі қалпына келтірілді. Балық аулау көлемі 400 -ден 7,0 мың тоннаға дейін ұлғайды«, – деп толықтырды министрлік.

Жоба аясында: Солтүстік теңіз бөгеті (Көкарал бөгеті), Ақлақ гидроторабы, Әйтек құрылыс кешені, Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгеттері салынып, Ақсу ауылы маңындағы өзен арнасы түзетілді. Қазалы және Қызылорда су тораптары, Шардара және Арнасай бөгеттері сияқты қолданыстағы құрылыстарында да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары орындалды.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» екінші кезеңінің жобасы дайындалуда. Жобаны іске асыру барысында: гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау, сондай-ақ Арал теңізіндегі балық питомниктерін қайта құру жоспарлануда.

Тағы да оқыңыз: