Kyzylorda-news.kz. Дүйсенбіде ҚР территориясының басым бөлігінде жаңбыр мен қар араласып жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Елдің оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады, желдің күшеюі, көктайғақ күтіледі. Солтүстікте жаяу бұрқасын, ал оңтүстікте найзағай жарқылдайды.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында күндіз желдің жылдамдығы 23 м/с жетуі ықтимал.
