Kyzylorda-news.kz. Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, күндіз облыстың батысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Еліміздің оңтүстігінде, орталығында, шығысында күн райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында тұман түседі, күндіз облыс орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
