Kyzylorda-news.kz. Республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек елдің солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыс циклонның әсерінен жауын-шашын болуы ықтимал. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста – бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болжанып отыр.
Қызылорда облысында ауа температурасы +18 +20 градусты көрсетеді.
