Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер Қазақстан бойынша 31 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады.
"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне және циклон әсеріне байланысты тұрақсыз ауа райының құбылысы сақталады, негізінен жауын-шашын болады деп болжанады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, атап айтқанда, қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ, еліміздің оңтүстігінде тұман түседі, оңтүстік шығысында найзағай ойнайды, солтүстік батыста, солтүстікте, орталықта көктайғақ болады деп болжанды", деп хабарлайды
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.