Kyzylorda-news.kz. 2 маусымда Қазақстан территориясының басым бөлігіне Солтүстік антициклоны әсер ете бастайды. Осының салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

Қазгидромет мәліметінше, тек Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында циклонның әсерінен жаңбыр мен найзағай, бұршақ, дауыл сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік аудандарда түнде және таңертең – тұман, батыста, солтүстік-батыста топырақ бетінде үсік жүреді.

Қызылорда облысының солтүстігі, орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Тағы да оқыңыз: