Kyzylorda-news.kz. ҚР аумағының басым бөлігіне бұрынғысынша атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ, дауыл күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Шығыста, оңтүстік–шығыста қатты жаңбыр жауады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Қызылорда облысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Ауа температурасы +35 +37 градусты көрсетеді.
