Kyzylorda-news.kz. Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон әсер етеді және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктерде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Тек еліміздің батысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.