Kyzylorda-news.kz. 1 қазан күні солтүстік антициклонның әсерінен елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Атмосфералық ағындардың әсерінен Қазақстанның батысында жаңбыр, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын — шашын (жаңбыр, қар), шығысында қар жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, шығыста жолдарда көктайғақ болады.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.