Kyzylorda-news.kz. "112" құтқару қызметіне 9 наурызда сағат 22-ден 14 минут өткенде Қызылорда қаласындағы, Сырдария шағын ауданындағы 2 в тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер барлау жұмыстарының нәтижесінде 4 қабаттағы ауданы 3х3 шаршы метр пәтердің өртеніп жатқанын хабарлады. 

Мамандардың  жедел әрекет ету нәтижесінде сағат 22-ден 44 минут өткенде өрт толығымен сөндірілді. 35 адам эвакуацияланды. 

"Автосатымен және  баспалдақ арқылы 3 адам құтқарылды. 1 адам күйік жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қызылорда облысы ТЖД жеке құрамының 22 адамы және 5 бірлік техникасы жұмылдырылды", делінген Қызылорда облысы ТЖ департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: