Kyzylorda-news.kz.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр, деп жазды Ақорданың Telegram-дағы арнасы.

8 ақпан күні Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа елдегі жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 5 434-ке жеткенін айтты.

Тағы да оқыңыз: