Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының ауыл шаруашылық өнімдері көршілес елдерге экспортталуда. Былтыр 120 тонна Сыр маржаны мен басқа да дақылдар Ресей мен Қырғызстанға жөнелтілген. Бұл туралы Шиелі ауданының әкімі Нариман Мақұлбеков биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы барысында айтып берді.

“Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуеті артып келеді.  Өткен жылы 120 тонна ақ күріш, 850 тонна қарбыз, 1005 тонна қауын және 351 тонна қызанақ дақылдары Ресей және Қырғызстан елдеріне экспортталды. Ал биылғы жылдың ақпан-мамыр айында 365 тонна ақ күріш Қырғызстан Республикасына, 67 тонна күріш Моңғолияға экспортталды. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі де жалғасын табатын болады”, – дейді Нариман Мақұлбеков.

Тағы да оқыңыз: