Фото: dzen.ru

Kyzylorda-news. Ресейлік «тарихшы» Михаил Смолин 1917 жылғы революцияға дейін қазақтар да, өзбектер де, әзірбайжандар да ұлт ретінде болмаған деп НТВ телеарнасының бағдарламасында айтқан деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, Ресей империясы өз жерін түрлі этникалық топтарға бөліп берген.  

- Қазақстан қалай пайда болды? Шын мәнінде әу баста РСФСР құрамындағы Қазақ ССР-і пайда болды. Демек ешқандай қазақ деген ұлт болған жоқ. Кейін Қазақ ССР-інің құрамында Қырғыз ССР-і дегенді құрды. Одан кейін оларды РСФСР-ден бөліп шығарды. Ол жерде ұлт қалыптастыруға қатысты небір сорақы шешімдер іске асты. Мысалы, өзбектер революцияға дейін болмаған. Тіпті өзбек деген этникалық атау болмаған. Алды да бірнеше Орталық Азиядағы ұлттан өзбектерді жасап шықты. Тура солай, Әзірбайжан ұлтын айтсақ болады. Әзірбайжан деген ұлт революцияға дейін болған емес, - деді Смолин.

Тағы да оқыңыз: