Kyzylorda-news.kz. Еліміз халықаралық әуе рейстерін жандандырып жатыр. Қазір қазақстандықтар 20 елге емін-еркін ұша алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, әсіресе, Түркияға рейс ең көп орындалады. Ұшақтар Стамбұлға Қазақстанның алты қаласынан қатынайды. Барып-келу құны елордадан есептегенде 330 мың  теңге. Сондай-ақ ішкі рейс саны да ұлғайған. Сәйкесінше жолаушылар ағыны 30 процентке артты. Әуе тасымалы бойынша халықаралық шектеулердің жеңілдеуінен бөлек, бұған Түркістанда әуежайдың ашылуы мен бюджеттік әуе желісінің іске қосылуы ықпал еткен. Мұнда сатылған билет саны 5 млн-ға жуықтайды.

Тағы да оқыңыз: