Kyzylorda-news.kz. Қытайдың Нанкин қаласында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы ғылыми-инновациялық зертхананың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды SputnikҚазақстан.
Қытайдың «Бір белбеу, бір жол» бастамасы және қазақстандық «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жобаларды ілгерілету және ғылыми сүйемелдеуге тәжірибелік қолдау көрсету жаңа ашылған зертхананың басты міндеті болады.
Мұнда блокчейннің заманауи технологиялары, жасанды интеллект пен ауқымды мәліметтерді қолдану арқылы көлемді зерттеулер жүргізіледі. Осы жұмыстарға екі елдің жетекші ғалымдары мен тәжірибелі мамандары тартылады.
G-Global Халықаралық хатшылығы мен оның Қытайдағы стратегиялық серіктесі – China Silk Road Group компаниясы зертхананың тең құрылтайшылары атанды.