Kyzylorda-news.kz. LG Electronics Inc. Компаниясы смартфон шығаратын бөлімшесін жауып тастады.

Оңтүстік корея компаниясы смартфон шығару бизнесін немістің Volkswagen AG мен вьетнамның Vingroup компаниясына сата алмаған соң, бұл бағыттан бас тартуға тура келген. LG-дың ендігі тағдырын сәуір айының басында белгілі болмақ.

Компания LG Rollable смартфоны мен Rainbow флагманын шығаруды тоқтатты.

Осыған дейін LG компаниясы Apple-ге жаңа смартфонның иілгіш дисплейін жасауға көмектеседі, атсалысады деген ақпарат тараған еді. Екі компанияның келісіміне сәйкес, кәріс және америка компанияларының инженерлері Apple-ге жабылып-ашылатын экран жасаумен айналысады делінген.

Massaget.kz

Тағы да оқыңыз: