Kyzylorda-news.kz. Әр мезгіл өз сұлулығымен ерекше. Айналамыз алтын түске боялатын күзде саяхаттау тіпті ғажап.

Егер осы мезгілде саяхатқа шығу жоспарыңызда болса, төмендегі қалаларға барсаңыз болады. Күзде бұл қалалар таңғажайып кейіпке енеді.

Плёс, Ресей

Плёске күзде не үшін бару керектігін түсіну үшін Исаак Левитанның суреттеріне қарау жеткілікті. Тыныштықты іздейтіндер үшін мұнда бәрі бар: жинақы үйлер, ағаш шіркеулер, Собор тауының таңғажайып панорамасы.

Таллин, Эстония

Ортағасырлық үйлер, тас төселген әдемі көшелер, жұмсақ пастелді түстердегі аласа ғимараттар. Ал күзде Таллин сондай таңғажайып, жарқын, тірі қала. Кез келген бұрыштағы кафеде сіз күні бойы кітап оқып, шай ішіп, отыра аласыз. Бір сөзбен ертегі қала.

Брюгге, Бельгия

Брюгге жылдың кез келген уақытында әдемі, сондықтан оған кемінде 4 рет бару керек: қыста, көктемде, жазда және күзде. Бұл қаланың табиғатына тамсанбау мүмкін емес.

Прага, Чехия

Сіз өміріңізде Прагаға кем дегенде бір рет келуіңіз керек. Күзде Прага мүлде басқаша болады. Бұл жердегі саябақтар мен аллеялар санаулы күнде жапырақтармен көмкеріледі.

Тағы да оқыңыз: