Kyzylorda-news.kz. Қысқа қара көйлекты ойлап тапқан және зергерлік бұйымдарды танымал еткен әйел туралы білесіз бе? Иә, ол – Коко Шанель. Сондай-ақ ол туралы басқа да қызықты дерек жетерлік.

1. Сән әлеміне екі түсті аяқ киімді әкелген Шанель. Оның пікірінше, ақшыл сары түс аяқтың жалғасы ретінде ұзартса, қара түс аяқ киімнің бас жағын сүйкімдірек көрсетеді.

2. Шанельдің сән әлеміндегі мансабы еуропалық ақсүйектер үшін бас киімдер жасаудан басталды. Оған арзан трикотаждан әйелдер киімін тігу идеясы даңқ әкелді, оның алдында бұл матадан тек ерлердің іш киімдері жасалған.

3. Шанель бижутерия мен зергерлік бұйымдарды бірінші болып араластырды.

4. Коко Шанель тотығуды, яғни терінің қоңыр түсін танымал етті. Оның алдында бозарыңқылық сәнде болды.

5. Қара түс Кокоға дейін күнделікті киімдерде қолданылмады. Ол талғампаз емес, аза тұту түсі деп саналды. Бірақ Шанель мен оның қара көйлегі әйелдерге қара түстің әмбебап екенін дәлелдеді.

6. Коко Шанель ешқашан қайшысыз жүрмеген, қайшы әмиянында немесе мойнындағы жіпте болатын. Бірде ол басқа сәнгердің көйлегімен келген модельдің киімін қайшымен қиып жіберіп, көйлек әлдеқайда талғампаз болып көрінетінін айтқан. 

7. Шанель ешқашан киімді алдын ала жобаламаған. Ол көйлек қозғалуы керек деп есептегендіктен, модельдердің үстіне бірден кигізіп, жұмыс жасаған. Яғни қарындаштың орнына қайшы мен түйреуіштерді ғана пайдаланды.

8. Габриэль Шанель сәнгер болмай тұрып, кабареде ән айтты. «Qui qu’a vu Coco» әні арқылы ол бүркеншік атқа ие болды.

9. Шанельдің басты қарсыласы Эльза Скьяпарелли болды, оны Габриэль «итальяндық әйел» деп қана атаған.

10. Шанельге дейін әйелдердің әтірлерінде күрделі иістер болмады. «Chanel № 5» – бір гүлдің иісін қайталамайтын бірінші синтезделген хош иіс. Парфюмер Кокоға он хош иісті таңдауын ұсынғанда, Коко бесіншісін таңдайды. Сонымен қатар 5 – Шанельдің сүйікті нөмірі.

11. Шанельдің арқасында әйелдер шалбар киіп, иықтарына сөмке аса бастады.

12. Коко Шанель ешқашан тұрмысқа шықпаған және коллекциясын үйлену көйлегімен аяқтамаған.

Тағы да оқыңыз: