Kyzylorda-news.kz. Аты аңызға айналған спортшы Диего Марадона есімінің енді жұлдызы жоғары болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы марқұмның жылдығын атап өту шарасында Оңтүстік Америка футбол федерациясы мәлімдеді. Ұйым өкілдері Марадона жұлдыздай жарқырап өтті, енді ол аспаннан сәулесін төгеді деді. Еске алу рәсіміне Мексикадағы Әлем чемпионатында жеңіске жеткен құрама мүшелері де қатысты. Осыдан тура бір жыл бұрын 60 жастан асқан шағында даңқты аяқ доп шебері өмірден озған болатын. Көптеген жанкүйерлер оны әлі ұмыта алмай, егіліп жүр.

«Қазір Диегоны жамандап жатқандар бар. Бірақ мен оның жақсы қасиеттерін көбірек айтуымыз керек деп ойлаймын. Ол шынында әлемге ортақ тұлға болатын. Марадонаны елдің бәрі таниды», – деді футболшының жанкүйері.

Тағы да оқыңыз: