Kyzylorda-news.kz. Жапонияның Astroscale компаниясы құрастырған ELSA-d магнит құрылғысы Жерге жақын орбитаға шығарылды. Бұл ғарыш қоқыстарын жинауға және жоюға арналған алғашқы құрылғы.

ELSA-d эксперимент құрылғысы және ол әлі толық іске қосылмаған. Спутниктің салмағы – 200 келі. Ол қалдықтарды жинап, Жер атмосферасына еніп, өртеніп кетеді. Бұл жағдайда алынған барлық ақпарат осындай құрылғыларды жасау үшін қолданылады.

Магнит екі блоктан тұрады – негізгі модуль және кеңістіктегі қалдықтар моделі. Негізгі блоктың салмағы – 180 келі, ал қосымша модульдің салмағы – 20 келі. Жерсерік сынақ режимінде ғарыш қоқыстарын бірнеше рет жинайды. Осылайша құрылғы тексеріледі.

«Ғарыш аппараттары топтарының дәуірі басталады. Олардың кейбіреулері бұзылып, Жерге оралуы мүмкін, ал басқалары ғарышта қалып, басқа құрылғылармен соқтығысады. Сонымен қатар, олар ғарышта қоқысқа айналып, Жер тұрғындарына айтарлықтай қауіп төндіреді», – дейді Ұлыбританиядағы Astroscale еншілес компаниясының атқарушы директоры Джон Обурн.

Магниттің келесі сынақ рейсі 2023 жылға жоспарланған.

Ғарыш қоқыстары жер серіктеріне соқтығысады және оларды істен шығарады. Қазіргі уақытта шамамен 170 миллион тонна қалдық Жерді айналып жүр.

Еуропалық ғарыш агенттігінің бағалауынша, Жерге жақын орбитада 9 мың тоннадан астам немесе 34 мың ғарыш қоқысы бар. Сонымен қатар, орбитада ұзындығы 15 см жетпейтін 130 мың объект бар.

Massaget.kz

Тағы да оқыңыз: