Kyzylorda-news.kz. Каспий теңізінің бетінде қатқан мұздың қалыңдығы ғалымдарды алаңдатты, деп хабарлайды Stan.kz.
Мәселе болып отырған Ресей бөлігінде орналасқан Каспий теңізі сыңайлы. Ресейдің гидрометорталығының ғылыми жетекшісі Роман Вильфанд мұздың қалыңдығы 30%-дан асқанын айтады.
“Қатты аяздардың себебінен Ресейдің оңтүстік еуропалық бөлігіндегі Азов теңізі мен Каспий жағалауын мұз баса бастады. Қазіргі кезде Каспий бетіндегі мұз қалыңдығы теңіз деңгейінің 30%-ын құраған”, – дейді зерттеуші.
Айта кетейік, Қазгидрометтің хабарлауынша, теңіздің қазақстандық бөлігінде де ауа райы бұрынғыдан төмен.