Kyzylorda-news.kz. Моңғол жұрты осымен алтыншы мемлекет басшысын таңдамақ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Саяси додада халық партиясының, оппозицияның демократиялық партиясының және оңшылдар коалициясының көшбасшылары бақ сынамақ. Айта кетейік, ел астанасы Ұлан-Батырда президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны коронавирус пандемиясының салдарынан белсенді ұйымдастырыла алмады. Сарапшылар елдегі эпидахуалдың ушығуына байланысты сайлауға қатысу көрсеткіші де төмен болуы мүмкін деп топшылайды.