Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Ширек финалда Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Әлемдік рейтингте 9-шы тұрған Мугурса қазақстандық спортлшыға қарсылық таныта алмады.
Небары екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Токио Олимпиадасының финалына өту үшін Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.