Kyzylorda-news.kz. Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында бүгін екі қазақстандық шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін ел құрамасынан Махмуд Сабырхан (54 келі) мен Теміртас Жүсіпов (48 келі) шаршы алаңға шығады. Махмуд жапониялық Томоя Цубоимен қолғап түйістірсе, Теміртас таиландтық Вуттичай Юрачаймен кездеседі.

Бүгін жеті салмақтағы жекпе-жекте шығатын боксшылар тізімі төмендегіше:

48 келі. Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) – Вуттичай Юрачай (Таиланд)

54 келі. Махмуд Сабырхан (Қазақстан) – Томоя Цубои (Жапония)

60 келі. Абдумалик Халоков (Өзбекстан) – Софьян Умиа (Франция)

67 келі. Севонрец Окадзава (Жапония) – Омари Джонс (АҚШ)

75 келі. Йоэнлис Эрнандес Мартинес (Куба) – Джамбулат Бижамов (Ресей)

86 келі. Кено Мачадо (Бразилия) – Лорен Альфонсо Домингес (Әзербайжан)

92 келіден жоғары. Давит Чалоян (Армения) – Марк Петровский (Ресей).

Жекпе-жектер елорда уақытымен 23:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі) финалға берілген үшінші жолдамаға ие болды.

Ал ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жапон Севонрец Окадзаваға есе жіберді.

Еске салсақ, ширек финалда Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) қарсыластарына жол берді.

Ал ширек финалға дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.

Әлем чемпионаты 6 қарашада мәресіне жетеді.

Тағы да оқыңыз: