Kyzylorda-news.kz. 2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия бөлінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында айтылды.

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 555 стипендия, оның ішінде магистратураға 395, резидентура және докторантураға 50, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.

Отырыста шетелде тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» стипендиясын тағайындау мәселесі де қаралды. Комиссия шешіміне сәйкес 25 азаматқа стипендия берілді.

Айта кету керек, «Болашақ» бағдарламасының стипендиясын алуға құжат тапсыру биылғы қыркүйек айына дейін жалғасады.

Тағы да оқыңыз: