Kyzylorda-news.kz. Бейжің Олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық спортшылар бүгін, 5 ақпанда спорттың 5 түрінен сайысқа түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшылар трамплиннен секіру, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, могул, шорт-трек секілді сайыс түрлерінен жарыс жолына шығады.

Бүгінгі алаңда бақ сынайтындар арасында Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында еліміз Туын ұстап шыққан шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев және Денис Никиш, могулдан Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков сынды үміт күткен жастар бар.

Бейжің Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін 5 ақпан күнгі жарыс кестесі:

12:20. Трамплиннен секіру. Ерлер. Іріктеу Сергей Ткаченко, Данил Васильев

13:45. Шаңғы жарысы. Скиатлон. 15 км. Әйелдер. Финал Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Валерия Тюленева 14:30.

14.30. Конькимен жүгіру спорты. 3000 м. Әйелдер. Финал. Надежда Морозова

16:00. Могул. Ерлер. 2-іріктеу. Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков

17:30. Финал

17:00. Шорт-трек. 1000 м. Ерлер. Іріктеу. Әділ Ғалиахметов

18:00. Шорт-трек. Аралас эстафета. Іріктеу. Жартылай финал, финал. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды.

Тағы да оқыңыз: