Kyzylorda-news.kz. Ұлыбританияда жас футболшыларға допты бастарымен соғуға тыйым салынады.

Англия, Шотландия және Солтүстік Ирландия футбол қауымдастықтары жаңа ережелер қабылдады, оған сәйкес жас балалар енді допты басымен ойнап жаттықпайды, деп хабарлады «Хабар 24».

Жақында Глазго университетінің ғалымдары футболшылардың ми ауруларынан қайтыс болу ықтималдығы орташа көрсеткіштен үш жарым есе жоғары екенін анықтады.

«Жаңа ережелер жаттығу кезінде бастың көп соққы алуынан пайда болатын қауіптер айтарлықтай азайтуға көмектеседі», – деді Англия футбол қауымдастығының басшысы Марк Булингем.

Ғалымдардың айтуынша, допты баспен соғу түрлі аурулардың пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Альцгеймер ауруымен ауыру мүмкіндігі бес есеге, моторлы нейрон ауруының ықтималдығы төрт есе және Паркинсон ауруының ықтималдығы екі есе артуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз: