Kyzylorda-news.kz. Таиланд астанасының ресми атауы енді Бангкок болмайды. Бұл туралы Корольдік қоғамның кеңсесі (ORST) жариялады және министрлер кабинеті мақұлдады, деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
Оның орнына қалаға тарихи атау – Крунг Тхеп Маха Нахон қайтарылады. Алайда, жаңа ресми атау барлық заң жобасын тексеруге жауапты комитет тексергеннен кейін қабылданады.
Жаңашылдық көпшіліктің көңілінен шықпағаннан кейін ведомство Facebook-тегі парақшасында құжаттардағы Бангкоктың ескі атауын ресми атаудан кейін жақшада қолдануға болатынын хабарлады.
Айта кетейік, Бангкок атауы 2001 жылдың қарашасынан бастап сол бөлімнің бұйрығымен қолданылып келеді.