Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер қазақстандарды 13-15 қаңтар аралығында қандай ауа райы болжамы күтіп тұрғанын айтты.
Метеорологтар мәліметінше, елде қалың қар жауады.
"Бүгінде Ресейдің еуропалық бөлігінде айналып жүрген циклон демалыс күндері Сібірге кетер жолда Қазақстан аумағының көп бөлігін басып өтеді. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде дерлік боран соңы аязға ауысады", – деп жазылған хабарламада.
Мамандар ауа температурасы республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында 25-30 градус, шығысында 15-20 градус, оңтүстігінде 5-15 градус аязға дейін төмендейтінін ескертеді.