Kyzylorda-news.kz. 2021 жыл адамзат тарихындағы ең жылы болған алтыншы жылға айналды.
Ғалымдар «әлемде болып жатқан ғаламдық жылынудың әсері рас» дейді. Былтыр мұхиттардағы судың жылылығы рекордты деңгейге жеткен.
Мамандардың пікірінше, бұл өте алаңдатарлық жағдай. Өйткені мұхиттардағы судың жылынуы климат өзгерісінің басты көрсеткіші. Сарапшылар ауаға бөлінетін жылу газдары табиғи құбылыстарға тікелей әсер етеді, сондықтан олардың көлемін азайту өзекті мәселе деп дабыл қағуда. Соңғы жылдары мұз жамылған Арктика жер бетіндегі орташа жылу деңгейінен 3 есе артық жылынып жатыр.
«Жылыну деңгейі соңғы 50 жылда аса үлкен қарқынмен жүруде. Болашақта экстремалды табиғи құбылыстар көбейеді. Мұны қазірден жасырмай айтуымыз керек. Әлем жылынған үстіне жылына береді. Өкінішке орай, осындай күрделі жағдайға келе жатырмыз», – дейді «Қоршаған орта туралы ақпарат» ұлттық орталығының өкілі Рассел Воуз.