Kyzylorda-news.kz. Cee-Roo лақапатымен танымал швейцариялық музыкант 2020 жылдың ең маңызды деген оқиғалары жинақталған видеоролик жариялады.
Рас, бұл жылдың адамзатты жақсы жаңалықтарымен қуантқаны шамалы. Бірақ желі қолданушылары роликті тамашалай отырып өмір сүруге деген құлшыныс артқанын да жазып жатыр.
«Бұл фильмнің трейлері емес, біздің бүгінгі өміріміз, сонысымен де қорқынышты. Әлемге тыныштық, ғаламшарымызға денсаулық тілеймін», – деп жазды YouTube қолданушыларының бірі.
Қазірдің өзінде 1 млн-нан астам көрілім жинаған бейнероликте мемлекет басшыларының арасынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.