Kyzylorda-news.kz. Қарапайым халықтың қазір есігін жиі ашатын мекемелердің бірі жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен орталықтары екені айтпаса да белгілі. Әлеуметтік көмекке жүгінгендер де, екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтар да бұ мекемені айтанлып өтпесі хақ. Тіпті кәсіппен айналысу үшін қайтарымсыз қаражатты да арнайы комиссия мүшелерінің шешімімен жоба авторларына үлестіретін осындай мекемелер. Осы ретте жергілікті халық мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларға қол жеткізіп жатыр ма, аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуде нендей шаралар қолға алынуда. Жылдың алғашқы жарты жылдығында қанша тұрақты жұмыс орындары ашылды? Осы және өзге де сауалдарымызға жауап алу үшін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы Қанат Бөленбаевпен сұхбаттасқан едік...
– Қанат Шамшатұлы, алғашқы алты айлықта нендей жобалр қолға алынды? Әңгімемізді осы сауалдың жауабымен бастасақ...
– 2023 жылға аудан бюджетінен 1892598,4 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 567268 мың теңге, жұмыспен қамту орталығы бойынша 1325330,4 мың теңге қаржы қаралды. 2023 жылдың 1 шілдесіне қаралған қаржы 840568 мың теңге, оның бүгінгі таңда 840533,3 мың теңгесі, яғни 99,99 пайызы игеріліп отыр.
– Қарапайым халықты әлеуметтік көмек, жәрдемақылармен қамту жұмыстары қалай жүріп жатыр, жалпы аудан жұрты сала қызметкерлерінің жұмысына, мемлекеттің қолдау шараларына көңілі тола ма?
– 2023 жылдыңшілде айына дейін атаулы әлеуметтік көмек 214 отбасының 1 242 мүшесіне 54542 мың теңге тағайындалып, 214 отбасының 1242 мүшесіне 46048,8 мың теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 177 отбасының 321 баласына 8041,9 мың теңге тағайындалып, 177 отбасының 321 баласына 6758,6 мың теңге төленді. Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 4523 мың теңге қаралған. Бүгінгі күнге 18 отбасының 44 мүшесіне 527,1 мың теңге тағайындалып, төленді.Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға 2023 жылға қаралған қаржы көлемі 15733 мың теңгені құрайды. 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін 39 азаматқа қосымша тамақтануға 4875,9 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, 36 азаматқа 4089,3 мың теңге төленді. «Отан Даңқ» ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған 2 азаматқа 78,7 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалды. Ұлы Отан соғыс жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 105 азаматқа облыстық бюджеттен 14300 мың теңге, тағайындалып, төленді. Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан 4 азаматқа 566 мың теңге тағайындалып, төленді. Кеңес армиясының мүгедек 4 азаматына 566 мың теңге төленді. Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне 2 азаматшаға 276 мың теңге төленді. Ауған соғысына қатысқан 21 азаматқа аудандық бюджеттен 2898 мың теңге төленді. Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 15 азаматқа 2122,6 мың теңге төленді. Тәжік-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған 14 азаматқа 1977,6 мың теңге төленді. Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының 6 азаматына 797 мың теңге тағайындалып, төленді. Өрттің салдарынан зардап шеккен 1 отбасына 517,5 мың теңге тағайындалды.
– Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытында нендей шаралар қолға алынуда?
– Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес, 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін 972 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны – 222.
Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы 409 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 276-сы немесе 67,5 пайызы орындалды. 2022 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 1124-і орындалды. 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін 540 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 48-і таяқпен, 14-і балдақпен, 2-еуі жетек арбамен, 33-і кресло арбамен, 74-і санаторлы-курорттық жолдамамен, 72-сі тифлотехникалық құралдармен, 12-сі сурдотехникалық құралдармен, 70-і протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.
Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 94 адамға жеке көмекші қызмет көрсетуде. Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін 38 адам жіберілді. Оның ішінде 12-сі – зейнеткер. Қызылорда қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 1 мүгедектігі бар адам орналастырылды. 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың 6-уы «Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігінде күндізгі болу бөлімшесінде қызмет алуда. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы көлемі 5868,0 мың теңгені құрайды. Бүгінгі күнге дейін 54 мүгедектігі бар баланың ата-анасынан құжаттар қабылданып, 2596,4 мың теңге төленді. Аудан бойынша ағымдағы жылдың наурызына дейін 82 мүгедектігі бар адамға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 57 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
– Халықты жұмыспен қамтудың өңірлік картасын іске асыру бойынша алғашқы алты айда ненедей жұмыстар жүзеге асырылды? Жалпы ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендетуде басқа да қандай шаралар қолға алынуда?
– 2023 жылға жоспарланған халықты жұмыспен қамту динамикасы бойынша 2 927 жұмыс орыны ашылу керек болатын. Оның ішінде 1 722-сі тұрақты, 1 205-і маусымдық болып табылады. 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін 1 638 жұмыс орыны ашылды. Ашылған жұмыс орындарының ішінде қолдау шараларынсыз 299-ы жүзеге асты, жалпы жұмыс орындарының 317сі тұрақты және 1022-сі маусымдық болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, жоспар 55,9 пайызға орындалды.
Жаңа жұмыс орындарының ашылуы бойынша 2023 жылға 1 928 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. оның 723-і тұрақты, 1 205 маусымдық болып табылады. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін 1 339 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ұлттық жобалар аясында жоспар 46 адам болып бекітілсе, 33 адам жұмыспен қамтылып, оның 28 жұмыскеріне немесе 84 пайызына міндетті зейнетақы жарналары төленіп, 1 зейнеткер мен 1 мүгедектігі бар адамға төленбеді.
– Қазір мемлекет тарапынан кәсіп бастауға барлық жағдай жасалған. Тіпті жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз қаражат та қаралып отыр. Тұрғындардың кәсіп бастауға ынтасы қалай және осы күнге дейін қанша оба қаржылай қолдау тапты?
– Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа қаралған қаржы көлемі 198,7 млн. теңгені құрайды, жалпы 144 адамға беру жоспарланған болатын. Жыл басынан бері 2 рет комиссия отырысы өтіп, 72 адам комиссияның оң шешімін алды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант жеңімпаздарына 99,4 млн.теңге қаржы төленді. Тұрғындардың жалпы кәсіп бастауға ынтасы жоғары. Әсіресе бізді ауылдық елді мекендерде іс бастауға талпынған халықтың тың жобаларды қолға алып жатқаны қуантады.
– Негізінен бұл қаржылай қолдауға кімдер қол жеткізе алады?
– Жалпы бұл грантты да жоба авторларына үлестірудің өз тәртібі бар. Комиссия мүшелері осыны жүзеге асырады. Ал «Қаржылай қолдаудың игілігін кімдер көре алады?» деген сауалға келсек, біріншіден, грант алуға өтініш бергенге дейін үш жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген өз жобаларын ұсыну арқылы қайтарымсыз қаржылай қолдауға қол жеткізе алады. Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмекті, көпбалалы отбасыларға және оның жұбайына төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алу-шыларды, қоныс аударушыларды, қандастарды, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдарды және оның жұбайы, халықтың әлеуметтік осал топтары да бұл қолдаудың игілігін көре алады. Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз, бір реттік жиынтық төлемді төлейтін дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Гранттар жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде 1 млн 380 мың теңгеге дейінгі мөлшерде беріледі. Бұл ретте тиісті қаржы жылының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады. Грант жоба авторына бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бастапқы бизнесті өткізуге арналған үй-жайларды, оның ішінде сауда объектілерін жалдау ақысын төлеу, жалға алуға, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беріледі. Бұл мақ¬сатқа ауданға былтыр 283,2 млн теңге қаралған. Ал әрбір жоба авторына 1 млн 225,2 теңге қайтарымсыз қаржы үлестіру көзделген. Біз жыл соңына дейін жоғарыда айтып өткен санаттарға жататын 231 жергілікті тұрғынды қайтарымсыз қаржылай қолдадық. Бұл дегеніңіз, ауданда басқа да мемлекеттік бағдарламаларды былай қойғанда, тек осы гранттың нәтижесімен 231 кәсіпорын ашылады деген сөз. Бастапқыда әр жоба авторына үлестірілетін грант көлемі 555 мың, одан кейінгі жылы 583 мың теңге болды. Биыл оның көлемі бірнеше есеге артып отыр. Бұл қаржымен шағын кәсіп бастап, оның игілігін көруге толық мүмкіндік бар деп ойлаймын. Әрине ол үшін бөлінген қаржы тек бір мақсатқа жұмсалуы керек. Биыл да гранттың көлемі артты. Яғни 1 млн 380 мың теңгені құрап отыр. Әлбетте бұл қаражатпен үлкен бизнес бастауға болмайтын шығар, алайда шағын кәсіп бастап, оның көкжиегін кеңейтуге жол ашуға болады.
– «Қаржы бір мақсатқа жұмсалуы керек» дейсіз және оның қандай мақсаттарға жұмсалуы қажеттігін жоғарыда тізбелеп атап кеттіңіз. Алайда кейбір жоба авторларының ағайын-туыстарынан, жақындарынан қажетті мү¬лікті сатып алған болып, кәсіпті бастамауы да мүмкін ғой. Бұл жағына бақылау бола ма?
– Сауалыңыз орынды, мұндай жағдайлардың болуы әбден мүмкін. Бағана жоғарыда атап кеттім, тағы да қайталап айтамын, бұл қайтарымсыз қаржыны жоба авторларына үлестірудің өзіндік тәртібі бар. Сол тәртіптің қатарында сіз көтеріп отырған мәселе де қамтылған. Негізінен жұбайынан, жақын туыстарынан еңбек құралдары, мүкәммал, технологиялық жабдық, жануарлар, мал, құстар, көшеттер, бұталар, тұқымдар сатып алынбайды, сондай-ақ бастапқы бизнесті іске асыруға үй-жайлар жалға алынбайды. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, несие қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді. Бақылау болады. Олай болмаса, сіз айтып отырған жағдайлар көптеп орын алар еді. Біз жоба авторлары қаржылай қолдау тапқаннан 3 айдан кейін олардың комиссия мүшелері алдында қорғаған жобалары жұмыс жасап жатыр ма, жоқ па, бөлінген қаражатты әлгіндей мақсаттарға жұмсады ма, осыған бақылау жүргіземіз. Заңнама талаптары бұзылған жағдайда тиісті қаражат қайтарылады. Сондықтан алдағы уақытта үміткерлерге айтарым, тек кәсіп бастауға мақсатпен келсе деймін.
– Бұған дейін де бірнеше рет комиссия отырысы өтті. Алдағы уақытта да жалғасын табары анық. Әлі де бұл грантқа қол жеткізуге үміттілер қалай құжат тапсырады және өзінің қайтарымсыз қаржылай қолдауды алушылар тізіміне енгенін қалай біледі, Олардың одан кейінгі міндеті қалай?
– Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады. Гранттар алуға өті¬ніштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру өтініштер қабылданғанға дейін 10 күн бұрын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланды. Гранттар алу үшін өтініштерді қабылдау лектер бойынша жүзеге асырылады. Порталда өтініштерді қабылдау мерзімі әр лекте 10 жұмыс күнін құрайды. Грант алуға үміткер осы қағидаларға сәйкес, нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған өтініш береді. Грант алуға өтінім беру үшін порталда тіркелгеннен кейін қайтарымсыз қаржы алуға үміткер осы қағидаларда көрсетілген шарттар сәйкестігіне және мерзімі жүгінген сәтте үш жылдан аспайтын "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін аяқтау туралы электрондық сертификаттың немесе бұрын қатысқаны туралы сертификаттың болуына автоматты түрде тексеріледі. Көрсетілген талаптарға сәйкес келгенде грант алуға үміткер порталда бизнес-жоба үлгісін осы қағидаларға сәйкес жүктейді, оны толтырады және порталда жеке кабинетіне тіркейді. Портал грант алуға ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қатысушылары болып табылатын, соңғы 12 ай ішінде дәлелді себептерсіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуды тоқтатқан адамдардың өтініштерін қабылдамайды. Ал грант алуға үміткерлердің өтініші мен бизнес-жобасын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру меке-мелері өкілдерінің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуымен аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде құрылған комиссияның отырысына қарауға шығарады. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді. Комиссия хатшысы Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілі болып табылады. Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісім бойынша отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, комиссия мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, комиссия мүшелеріне отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды ұсынады. Комиссия отырысы порталда өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде өткізіледі.Комиссия отырысының өтетін орны, күні және уақыты туралы хабарлама грант алуға үміткерлерге жеке кабинетінде көрсетіледі. Комиссияның шешімі, егер оған отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия отырысын бейнетүсірілім тіркеуіне жол беріледі. Онда грант алуға үміткер жаңа бизнес идеялардың жобасын таныстырады. Ал комиссия осы бағалау парағында грант беру-бермеу себептері бар шешімді көрсетеді.
– Ал комиссия отырысында өз жобаларын қорғағандар қаржылай қолдауға лайық деп танылғанын немесе жобасы қолдау таппағанын қалай біледі?
– Комиссия отырысы аяқталғаннан кейін Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері 2 жұмыс күні ішінде комиссия шешімін отырыс хаттамасына және грант алушылардың қалыптастырылған тізіміне сәйкес "Еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізеді. Барлық жоба қорғалатын отырыстың шешімі "Еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізілгеннен кейін грант алуға үміткер порталдағы "Жеке кабинет" арқылы грант беру-бермеу туралы тиісті хабарлама алады. Ал комиссия грант беру туралы шешім қабылдаған кезде грант алуға үміткер тиісті хабарламаны алған сәттен 3 жұмыс күні ішінде порталдағы банк деректемелері бар банк шотын ұсынады, ол "Еңбек нарығы" ААЖ-ға жіберіледі. Көрсетілген мерзімде банк шотын ұсынбаған үміткерге комиссияның грант беру туралы бұрын алған шешіміне қарамастан қайтарымсыз қаражат берілмейді. Бұл ретте үміткер келесі лектерде грантқа қайта өтінім бере алады.Халықты жұмыспен қамту орталығы грант алушының банкдеректемелері бар банк шотын алған күннен 3 жұмыс күні ішінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант беру туралы шартқа қол қояды және грант алушының порталдағы жеке кабинетіне жібереді. Ал жобасы қаржылай қолдауға лайық деп танылған үміткер шартты алған сәттен 3 жұмыс күні ішінде порталда, жеке кабинетте Шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды, ол "Еңбек нарығы" ААЖ-ға жіберіледі.
– Ал бұл талаптарды орындау үміткер тарапынан кешеуілдесе қалай болады?
– Өкінішке орай егер грант алушы белгіленген мерзімде порталдағы жеке кабинетте Шартқа қол қоймаса, онда автоматты түрде грант алмайды, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылында грант алуға одан әрі өтініш бере алмайды. Халықты жұмыспен қамту орталығы шарт жасалғаннан 5 жұмыс күні ішінде грант алушының ағымдағы банк шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады және грант алушының деректерін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың салық органына береді. Грант алушы оны алған күннен бастап 3 ай ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, салық органдарында өз қызметін тіркейді.Бизнес жобаны іске асырудың нысаналы пайдаланылуын грант алушы порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай ішінде тоқсан сайын растайды. Грант алушы оны алған күннен бастап 12 ай ішінде, бизнесті кеңейтуге бағытталған шараларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жіберілмейді. Жобасы қолдау тапқан автор гранттық қаражаттың нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылғанын немесе грант қаражатының пайдаланылмағанын растау болмаған кезде шарт жасалған күннен бастап 3 ай ішінде портал арқылы қаражатты толық ерікті түрде қайтаруға өтінім береді. Қаражат толық көлемде пайдаланылмаған жағдайда порталдағы "Жеке кабинетте" тиісті өтініш беру арқылы қаражатты ішінара қайтаруды жүзеге асырады.
– Жалпы ауданда осыған дейін қанша рет комиссия отырысы өтті, онда қанша жоба қорғалып, қаншасы қолдау тапты?
Жалпы, осыған дейін юірнеше реет комиссия отырысы өтті, әр комиссия отырысында қаншама жоба қаралады. Оның кейде үштен бірі, кейде үштен екісі қолдау тауып жатады. Соңғы рет маусым айында өтті. Екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтар жоқ емес, олар үшін бұл таптырмас мүмкіндік екені анық. Осы ретте мемлекеттік бағдарламаның бір жағынан өңірдегі жұмыссыздық мәселесін тұсауға үлкен қолғабыс болып жатқанын айта кеткен жөн. Үміткерлердің ішінде өз жобасы арқылы қосымша тағы бір адамды жұмыспен қамтуға талаптанып отырғандар да бар болып шықты. Бұл – қуанышты жағдай, әрине.
– Комиссия отырысында қорғалған жобалардың басым бөлігі – әдеттегідей мал шаруашылығына бағытталған таптаурын жобалар. Бұл бізде басқа да кәсіп түрлеріне жергілікті халықтың қызығушылығы жоқтығын аңғарта ма, әлде одан басқа кәсіпорын өнімдеріне сұраныс жоқтығын білдіре ме?
– Бұл ойыңызбен келіспеймін, «мал шаруашылығын таптаурын жоба екен» деп кәсіптің бұл түрінен қашуға тағы болмайды. Тіпті олай деуге де өз басым келіспеймін. Бағана сөз басында да айттым, бастысы қаражат өз мақсатына жұмсалса, бұл грантпен кез келген шағын кәсіп ашып, оның жемісін көруге болады. Біз мал шаруашылығын қалай таптаурын жоба дейміз? Біріншіден, рас, бұл – біздің қазақтың атакәсібі. Содан да болар, халықтың басым бөлігі оған қызығушылық танытып отырғаны. Алайда сіз қазір білесіз бе, нарықтағы еттің бағасы қанша, сүт өнімдерінің ше? Олардың қымбаттауына не себеп? Әрине сұраныстың артуы. Ал кәсіпте сұраныс пен тапсырыс маңызды рөл атқарғандықтан мен өзбасым мал шаруашылығын таптаурын жоба демес едім. Қазір аудан орталығын былай қойғанда, ауылдық елді мекендерде де сүт және ет өнімдерін сатып алып отқандар көп. Тіпті қаншама бас малы болса да, оны далада ұстап, өзінің күнделікті тұрмыста тұтынатын сүт, ет өнімдерін сатып алатындар да жетерлік. Аймақтың бас шаһарын айтпаса да белгілі. Бұл Мал шаруашылығы бағытында кәсіп бастағандарға таптырмас мүмкіндік екені анық. Міне, мен бұл бағыттағы жоба авторларын осы мүмкіндікті құр жібергісі келмейді деп ойлаймын. Оның үстіне біз – аграрлы өңірміз. Сондықтан бір жағынан мал азығы да айтарлықтай қиынға соқпайды деп ойлаймын. «Басқа да кәсіп түрлеріне жергілікті халық тарапынан сұраныс жоқ» дегенге де келіспеймін. Неге жоқ, мәселен, былтыр комиссия отырыстарында наубайхана ашу, балалардың ой-өірісін дамытатын орталықтар ашу, кондитерлік өнімдер өнді-ретін цехты іске қосу, тігін цехын ашу сынды жобалар болды. Биыл да қаржылай қолдау тапқан жобалар қатарында мұндай кәсіп түрлері бар. Біз олардың басым бөлігін қолдадық. Әсіресе бізді ауылдық елді мекендер халқының да кәсіпке деген қызығушылығы бары қуантты. Кешеге дейін қорғалған жобалардың басым бөлігі ауылдық округтерге тиесілі десем, өтірік емес. Олардың да арасында ауылда тек мал шаруашылығын емес, басқа да кәсіпті жүзеге асыруды өз жобаларына арқау еткендер көп болды.
– Қанат Шамшатұлы, жалпы былтыр, алдыңғы жылы қайтарымсыз қаржылай қолдау тапқан жобалардың ішінде әлі күнге дейін жұмыс жасап тұрғаны, тіпті кәсібінің көкжиегін кеңейтіп жатқандар бар ма?
– Ондайлар баршылық, егер ел бұл бағдарламаның игілігін көрмесе, ауданда шағын кәсіпкерліктің дамуына қайтарымсыз қаражаттың пайдасы болмаса, бізге жыл сайын оны үлестірудің не керегі бар? Бастысы, қаражат халыққа үлестірілуде және ол бір жағынан кәсіпкерлік саласының дамуына, өңірдегі жұмыссыздық мәселесін тұсауға қолғабыс болып отыр.
Өткенде әлеуметтік желідегі парақшасы бойынша үйдегі балаларым тортқа тапсырыс беріпті. Бағасы да қалтаға қонымды. Айтылған уақытта үйге кондитерлік өнім де келді. Сұрастырсам, ол 2020 жылы дәл осындай комиссия мүшелері алдында өз жобасын сәтті қорғап, шағын цех ашыпты. Бүгінде біз оның өнімін әлі де тұтынып отырмыз. Ол оған дейін өз үйінен күніне 2-3 тапсырыс қабылдап, тәтті өнімдерімен халықты қамтамасыз еткен екен. Негізінен кәсіпкер өнімнің бұл түріне сұраныс жоғары екенін айтады. Алайда оның бәрін қабылдауға оның кейбір құрал-жабдықтарының жоқтығы қолбайлау болыпты. Енді қазір цех иесі күніне 20-25 тапсырыс қабылдауға мүмкіндігі барын айтады. Осы кездің өзінде жергілікті тұр-ғындардан күніне 8-9 тапсырыс түседі екен. Мен мұны қайтарымсыз қаржылай қол¬даудың игілігі деп ойлаймын.
Ауылдық елді мекендерде де қайтарымсыз қаражат алып, бірнеше жылдан бері әлі күнге дейін жұмыс жасап тұрған жобалар бар. Алдағы уақытта біздің тарапымыздан қолдау тапқан жаңа жобалар да өміршең болады деп сенемін.
– Негізінен тиісті қаражатпен тез аяққа тұру үшін кәсіптің қай түрімен айналысқан дұрыс? Маман ретінде жоба авторларына, әлі де жоба дайын-даймын деп жүрген тұрғындарға осы ретте қандай кеңес бересіз?
– Біріншіден, мен кәсіпкер емеспін, екіншіден, «Үміткерлерге мына жобаны қорғасаң, былай болады» деп айтқан орынсыз деп ойлаймын. Ол өзінің ойындағы істі ғана өз жобасына арқау етсе, оның жемісін көреді деген сенімдемін. Сіздің бағана бір сауалыңыздың арасында айтқан сөзіңіз есіме оралып отыр. Мәселен, сіз бағана мал шаруашылығын таптаурын жоба дедіңіз. Ал біреу әлі де кәсіптің бұл түрінен пайда табамын дейді. Сол сияқты ғой. Әркімнің бұл салада ойы әрқалай. Мен мысалға мал шаруашылығын олай демес едім. Себебі бұл салада енді іс бастап, оның жемісін көріп жатқандар бар. Бастысы, жобаның өніміне сұраныс болғаны маңызды. Кәсіпкерлік саласында осы маңызды рөл атқарады деп ойлаймын.
– Қазір ел ішінде қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізуге қатысты сан сауал бар. Бұл мәселеге кеңірек тоқталғанымыз да сондықтан. енді тақырыпқа ойысайық. Жалпы, әлеуметтік жұмыс орындарымен жұмыссыздарды қамтамасыз ету деңгейі қалай?
– Жалпы, бұл мақсатқа қаралған қаржы 33,9 млн. теңгені құрайды, жоспар бойынша 41 адамды қамтамасыз етуіміз керек. 2023 жылы 1 шілдеге дейін 37 адам әлеуметтік жұмыс орны бағдарламасына жолданып, жоспар 90,3 пайызға орындалды. Оның ішінде 5 адам аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға 3,9 млн теңге қаржы төленді.Жастар тәжірибесіне қаралған қаржы 411,1 млн. теңгені құрайды, жоспар 331 адамды жұмыспен қамтуды көздейді. 2023 жылы 1 шілдеге дейін 200 адам жастар тәжірибесінің қатысушысы болып табылды. 2022 жылдан жалғастырушы 169 адам бар. Оның ішінде 89 адам аяқтап, 16 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 2023 жылға 31 адам жастар тәжірибесіне жолданды, қатысушыларға 89,8 млн. теңге қаржы төленді.Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 2023 жылы 1 шілдеге дейін 922 адам жолданып, жоспар 113,7 пайызға орындалды. Қоғамдық жұмысты 137 адам аяқтап, 59 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысушыларға 354,6 млн теңге қаржы төленді.Мемлекеттік қолдау шараларынсыз жоспар бойынша 999 адам жұмыспен қамтылу қажет болса, 2023 жылы 1 шілдеге дейін 299 адам (29,9%) жұмысқа орналасты. Алғашқы жұмыс орындарына қаралған қаржы 59,3 млн. теңге, жоспар бойынша 40 адамды жұмыспен қамту керек. 2023 жылы 1 шілдеге дейін 20 адам қатысушысы болса, оның 12 адамы 2022 жылдан жалғастырушы болып табылады. 2023 жылы 8 адам алғашқы жұмыс орнына жолданды, қатысушыларға 8,8 млн теңге қаржы төленді. Ұрпақтар келісім шартына қаралған қаржы 3,7 млн. теңгені құрайды, жоспар бойынша 6 адамды жұмыспен қамту көзделген. 2023 жылы 1 шілдеге дейін 1 адам жолданып, 520,1 мың теңге қаржы төленді. Күміс жас жобасына қаралған қаржы 19,1 млн. теңгені құрайды, жоспар бойынша 22 адамды жұмыспен қамту қажет. 2023 жылы 23 адам жолданды, қатысушыларға 6,1 млн. теңге қаржы төленді.
Жұмыс берушілердің өтінімі негізінде қысқамерзімді курстарға оқытуға қаралған қаржы 20,7 млн. теңге болып табылады. Жоспар бойынша 46 адамды қысқамерзімді оқумен қамту көзделген. Оқудың басталуы 2023 жылы тамыз- қыркүйек айларына белгіленген.Қызылорда облысы прокуратурасының 2023 жылғы 12 сәуірдегі №2-10-23-03003 ұсынысына сәйкес жұмыспен қамту бағытындағы заң бұзушылықтары бойынша 2023 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданған 1105 адамға 65943 мың теңге көлемінде экологиялық үстемақы төленді.
– 2023 жылы Жалағаш ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу бойынша нендей шаралар қолға алынуда?
– Аудан бойынша жаза өтеу орындарынан босатылған және аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың саны – 48, оның ішінде 43 пробация қызметінде және 5 полиция бөлімінде есепке алынған.
«2023 жылға Жалағаш ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Жалағаш аудан әкімдігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы №217 қаулысымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін 1 жұмыс орны және аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 5 жұмыс орындарына квоталар белгіленіп, 6 квота толығымен орындалды. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квотаға келсек, Жалағаш ауданы әкімдігінің «2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» 2022 жылдың 15 қарашасында №216 қаулысымен 4 мекемеге 6 жұмыс орындарының саны бекітіліп, 3 жұмыс орнына 3 адам жолданды. Алдағы уақытта, қалған квоталар бойынша жұмыстар жыл аяғына дейін орындалатын болады.
– Азаматтық хал актілерін тіркеу секторы бойынша атқарылған жұмыстар көңіл көншіте ме?
– Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің АХАТ секторы бойынша 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін барлығы 487 азаматтық хал актілер жазбасы тіркелді. Оның ішінде 316-сы бала тууды тіркеу, 79-ы неке қиюды тіркеу, 82 қайтыс болуды тіркеу, 8-і некені бұзу, 2-і азаматтық хал актілерін жазбаларын қалпына келтіруге негізделген.Қайталама куәліктер немесе анықтамалар беруді мемлекеттік тіркеу бойынша акт жазбаларына барлығы 186-сы берілді. Оның ішінде 120-сы Халыққа қызмет көрсету орталығы, 66-сы электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылды. Азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларға өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу бойынша 21-і акт жазбаларына толықтырулар мен түзетулер енгiзіліп, қайталама куәліктер берілді. І тоқсанда 2023 жылдың 10 ақпанында «Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу», «Азаматтық хал актілерін тіркеу қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» туралы семинар өткізілді. 2022 жылдың 28 наурызында «Отбасы – ұлттық тірегі» туралы мақала Жалағаш жаршысы газетіне жарияланды. ІІ тоқсанда 2023 жылдың 27 маусысында «Мемлекеттік тууды тіркеу», «Атын, әкесінің атын және тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу» туралы халыққа қызмет көрсету қызметкерлерімен семинар өткізілді. 2023 жылдың 10 маусымында «Мемлекеттік тіркеу қалай жүргізіледі?» туралы мақала Жалағаш жаршысы газетіне жарияланды.
– Сұхбатыңызға рахмет!