Тұтынушылар электр желісіне рұқсат алу үшін қайда баруы керек? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Тұтынушылар электр желісіне рұқсат алу үшін қайда баруы керек?

20.01.2020, 16:40

114 0

Kyzylorda-news.kz. Қазіргі кезде адамның барлық қажеттілігі, құрал-жабдықтары  электр энергиясын пайдалану және қолдану арқылы өтеді. Өйткені электр энергиясын оңай, аса көп шығынсыз алуға болады. Тұтынушылардың электр желісіне қатысты бірқатар сұрақтарына  Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Саламат Қалжанов жауап берді.

Электр желісіне қосылу үшін не қажет?

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр желісіне рұқсат алу үшін көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.

Қандай жағдайда техникалық шарт электр желісіне қосылу үшін беріледі?

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым қосылу үшінтехникалық шарттарды мынадай жағдайларда:

1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда;

2) тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда;

3) электрменсырттайжабдықтаусхемасы өзгергенде;

4) тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрменжабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.

Электр желісіне қосылу үшін техникалық шарт қандай мерзім аралығында беріледі? 

– Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді:

қуаты 200 килоВатт (бұдан әрі – кВт) дейінгі электр қондырғыларына – 5 жұмыс күнінің ішінде;

қуаты 200 кВт – 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына – 10 жұмыс күнінің ішінде;

қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына – 15 жұмыс күнінің ішінде.

Құрылыс кезінде қандай техникалық шарттар беріледі?

Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға немесе жергілікті атқарушы органға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.

Техникалық шарт беруде қандай талаптар бар?

Тұтынушының энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда, оған техникалық шарттар беріледі.

Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.

Тұтынушылардың электр қондырғыларын қайта қалпына келтіру немесе жаңарту үшін құрылыстың жобалау құжаттары қандай мерзімде келісіледі?

Тұтынушылардың электр қондырғыларының құрылысына, реконструкциясына немесе жаңғыртылуына арналған жобалау құжаттамасы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін техникалық шарттарды берген энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

Электр қондырғыларының жобалық шешімдері берілген техникалық шарттарға сәйкестігі мәніне төмендегі мерзімде келісіледі:

қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларына – 3 жұмыс күнінің ішінде;
қуаты 200 кВт – 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына – 7 жұмыс күнінің ішінде;

қуаты Техникалық шарттардан ауытқу анықталған жағдайда, техникалық шарттарды берген ұйым жобалық құжаттаманы дәлелденген негіздемесін қоса тұтынушыға пысықтау үшін қайтарады.1000 кВт жоғары электр қондырғыларына – 12 жұмыс күнінің ішінде.

Тұтынушылардың электр орнатқыштарын іске қосуда қандай талаптар бар?

Энергияберуші (энергияөндіруші) ұйымның тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға беру кезінде кернеу беруі мынадай тәртіпте және мерзімде жүргізіледі:

1) энергиямен жабдықтаушы ұйым осы Қағидалардың 4-1- тармағында көрсетілген құжаттарды және тұтынушы қол қойған электрмен жабдықтау туралы шарт жобасын қабылдаған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға тиісті хабарлама жібереді;

2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым энергиямен жабдықтаушы ұйымнан хабарламаны алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей:
электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалауды жүргізеді;
электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісін ресімдейді;
электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесін энергиямен жабдықтаушы ұйымға жібереді;
тұтынушының электр қондырғысына кернеу беруді жүзеге асырады.

Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым және тұтынушы электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің әрбір тарап үшін бір данадан 2 (екі) данасына қол қояды.

3) энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымнан электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесін алған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей тұтынушыға электрмен жабдықтауға қол қойылған шартты пошта арқылы немесе өзге тәсілмен жібереді.

0

Пікір қалдыру