Kyzylorda-news.kz  Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде соңғы уақытта құрылыс жұмыстары жандана түскен. Қазіргі уақытта кенттің іші көркейіп, абаттандыру жұмысы жүргізіліп келеді. Бүгінде жаңа үйлер бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Өз кезегінде жыл көлемінде атқарылған жұмыстар Тереңөзек кентінің әкімі Ержан Бақтияровпен сұхбаттасқан болатынбыз.

– Ержан Бақтиярұлы, Тереңөзек кентінің халқының саны қанша? Халық игілігі үшін жасап жатқан жұмыстар кеңінен ақпарат берсеңіз.

– 2023 жылдың қорытындысымен Тереңөзек кенті бойынша барлығы 11 515 тұрғын және 2510 үй-жай тіркелген.Кенттің жалпы жер көлемі 11 116 гектарды құрап, онда 76 көше орналастырылған. Оның асфальтанғаны 57, жарықтандырылғаны 48. Тұрғын жайлар 100 пайыз ауыз сумен қамтылса, көгілдір отынға 90  пайызы қосылған.

Тереңөзек кентінде 300 орындық «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын мектеп құрылысына 2,6 га жер учаскесін бөлу мақсатында аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес 44 жеке меншік жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктері мемлекет мұқтажы үшін сатып алу жұмыстары атқарылуда.

– Жаңа тұрғын үйлер салу үшін қандай жұмыстар атқарылды?

– Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданында (135 га) жеке тұрғын үй құрылысы үшін алаңға электрмен ауыз су жүйелері толығымен тартылған. Бүгінгі күнге көшелерінің орындары ашылып, қиыршық тас төсеу және табиғи газ жүйесін тарту жұмыстары атқарылуда. Аталған жоба аясында 693 жер учаскелері пайдалануға берілетін болады. Бүгінгі күнге «Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне барлығы 180 мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлер мен пәтерлер алынған. Атап айтқанда, Қ.Бөдеев және Н.Бердіқұлов көшелері бойында 58 жер үй, Ғ.Мұратбаев және Н.Ергешбаев көшелерінде 6 көппәтерлі тұрғын үйлерде 122 пәтерлер орналасқан. Аталған тұрғын жайлар ҰОС-ардагері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, Жалғыз тұрғын үйі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және көпбалалы аналар тұрып жатыр. Көпқабатты тұрғын үйлер тұрғындарымен кездесу жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар азаматтар кіреберістеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілді. Қажетті материалдары кент әкімі аппаратымен қамтылды. Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен аталған тұрғын үйлердің бу қазандықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

– Тереңөзек кентінде кәсіпкерлік бағытында нендей мәселе бар?

–Тереңөзек кенті бойынша барлығы 971 кәсіпкерлік субьектілер тіркелген. Оның ішінде, уақытша тоқтап тұрғаны 29. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 97,8 пайызды (942) құрайды.Жыл бойына барлығы 224 тұлға  жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.

Оның ішінде,18  қайтарымсыз грант алғандар, 10   кәсіпкер қайта жабылды, 12   кәсіпкер зейнеткер, 6    кәсіпкер басқа ауылдық округтерінің тұрғындары,2     мүмкіндігі шектеулі жан, 12   міндетті зейнетақы жарнасын төлеп жаңа жұмыс орнын қалыптастырды.Қалған  182 жеке кәсіпкерге міндетті зейнетақы жарнасына төлем жасату жұмыстары жүргізіліп жатыр.Есепті мерзімде кент бойынша 572 млн теңгеге 85 жоба қаржыландырылды. «Іскер» бағдарламасы арқылы  13 жоба, – 54,7 млн.теңге. «Бизнестің жол картасы бағдарламасы арқылы»  4 жоба,  176,0 млн.теңге. «Агробизнес» арқылы  1 жоба,  50 млн.теңге «Лизинг» бойынша  5  ауыл шаруашылық техникасы 120,8 млн. теңгеге алынды. «Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ арқылы (РИЦ) 3-жоба, 30,0 млн.теңге. 21-35 жас аралығындағы жастарға арналған 2,5 пайыз несие 5 жоба,  21,1 млн. теңге. «Ауыл аманаты» бойынша  2,5 пайыз несие 5  жоба, 51,8 млн.Теңге. «Бизнес Бастау» курсын оқып,  2023 жылға грант тетігі  49 жоба,  67,6 млн.теңге.

        – Жаңадан ашылған көшелерге атау беру мәселесі жолға қойылған болар…

– Облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы, 2018 және 2019 жылғы қорытындысы негізінде, 2023 жылы кент әкімінің Тереңөзек кентінің көшелеріне атау беру туралы 2 шешімі қабылданып, жаңа қоныстану аймағынан барлығы 18 көшеге тұлғалардың есімдері берілді. Қазіргі уақытта көше атауына байланысты қосымша10 өтініш келіп түсіп, қаралуда.

«Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» қызметі бойынша жыл басынан бері 53 - жалғызілікті қарттарға, 18 жастан асқан 17 - мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және 18 жасқа дейінгі 15 -мүмкіндігі шектеулі балаларға 17 маман үйден арнаулы әлеуметтік қызметті көрсетіп келеді.Жыл басынан бері 97 отбасыға 2,3 млн теңге көлемінде қаржылай және азық -түлік түрінде қайырымдылық көмектер көрсетілсе, кент әкімі аппаратының қызметкерлермен 23 отбасына 353 мың теңге көлемінде азық түлік түрінде қайырымдылық көмектері көрсетілді.

– Бюджет қаржысы қалай игерілуде?

Есепті мерзімде 72 отбасындағы 407 адамға 19,5 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Майжарма каналын абаттандыру үшін 159,1 млн теңге бөлініп, каналдың жақтаулары мен табаны бетондалып, каналдың үстіңгі қабатына арнайы жаяу жүргіншілер жолымен велосипедшілер жолы орнатылды. Жобаға сәйкес демалыс орындықтарымен жарықшамдар қарастырылған.

И.Тоқтыбаев көшесін (1,68 км) орташа жөндеу жұмыстары іске асырылып, жаяу жүргіншілер жолы мен темір бетонды лоток орнатылып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, аталған көшеге және жанама көшелерге аяқ су беру мақсатында электр желісі тартылып насос орнатылды. Жоба құны171,6 млн теңге..

        Су тасқынын алдын алу мақсатында Сырдария бойындағы бөгетті нығайту үшін 5,9 млн теңгеге жұмыстар атқарылды.

Аудан әкімінің тұрғындармен кездесу барысында Мұратбаев көшесінің бас жағына түнгі жарықшамдар орнатуға өтініш білдірілуіне орай, аудандық бюджеттен 2,7 млн теңгеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, аталған кездесулер барысында тұрғындардан келіп түскен өтініштер бойынша Бөдеев көшесінің аяқ жағына, Нұрсейтов көшесінің бір бөлігіне түнгі жарықшамдар орнатылды. Тереңөзек кенті әкімі аппаратының теңгеріміндегі бу қазандықтарды ағымдағы жөндеу үшін 1,8 млн теңгеге жұмыстар атқарылып, қазандықтар "Сырдария Нұрдаулет" ЖШС нің теңгеріміне өткізілді.

        – Жастарды әскерге жіберу бойынша атқарылған жұмыстарды айтып кетесіз бе?

2023 жылғы көктемгі әскер қатарына 13 сарбаз, күзгі маусымда  5 сарбаз жолданды. Азаматтарымыз Отан алдыңдағы борышын өтуге мүдделі.

– Аудан орталығын абаттандыруға байланысты жұмыстар жүйелі түрде жасалып келе ме?

Сонымен қатар, А.Иманов көшесі №36 мектеп-лицейге қарсы бетте орналасқан жасыл белдеуге жалпы аумағы 8500 метрқоршауы ауыстырылып, сырланды және қосымша көшеттер отырғызылды.«Қызылорда-Жалағаш» автожолы бойындағы «Рассойл» АЗС - «Кіші қалған» каналы аралығында 850 метр құрайтын аумақ қоршаланып, 3000 көшет отырғызылды, Оның 80 пайызы көгерді.Тереңөзек кентіне кіре беріс аумағындағы Бұхарбай батыр көшесі бойындағы «Жасыл белдеу» қоршаулары түзетіліп, сырланды. Қоршау ішіне сыр талы, терек, үйеңкі, қараағаш сынды көшет түрлері отырғызылды.Тереңөзек кентінде абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту, көгалдандыру жұмыстарын оңтайландыру мақсатында сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылып отыр. Сенбілікте арықтар тазаланып, күл-қоқыстар шығарылып, талдарды әктеу, арам шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді. Көптен көтеріліп жүрген «Айтбай арық» каналынан аяқ су пайдаланатын тұрғындардың өтініштеріне сәйкес каналға арнайы трансформатор және электр насосы орнатылды.Кентке кіре беріс аумағында орналасқан «Тереңөзек» паспорты жаңартылып (сылау, сырлау) және әріптеріне жарықшамдар орнатылды.Сондай ақ,О.Мәлібаев көшесі бойындағы «Тағзым алаңы» жөнделіп, қалыпқа келтірілді.Орталық алаң аумағындағы арканың жарық шамдары қайта жаңартылып, іске қосылды. «Парасат» алаңы ішіндегі жарықшамдар жаңартылып, қоршаулары сырланды.Барлық ойын және спорт алаңдары, демалыс орындары қайта сырланып, қалыпқа келтірілді. Тереңөзек кенті Б.Момышұлы көшесі тұрғындарының өтініштеріне сәйкес  көше бойындағы көпірге темір бетонды бағана мен қоршау орнатылды.

        – Демеушілік есебінен жасалған жұмыстарды тізбектеп айтып бересіз бе?

        – Демеушілік есебіненде бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес Тереңөзек кентінде «Қалған дария» көлінен тиісті санитарлық нормаларға сәйкес келетін жағажай ашылды. «Сыр сұлуы» монументін абаттандыру жұмыстары демеушілік есебінен атқарылып, топырақпен жері көтеріліп, қоршаулары сырланды. Жаңа типте брусчаткалар төселіп, орындықтармен жарықшамдар орнатылды.А.Иманов көшесіндегі 3 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылды. Бұл жұмыстар "УниверсалСтрой Сервис", "Real Stroy Invest", "Алтын Айдарлы" серіктестіктерінің есебінен жүргізілді. Демеушілік есебінен Д.Керейтбаев көшесі бойындағы балалар ойын алаңы қайта қалпына келтірілді.

        – Биыл жоспар бойына бірша қатар жобалар жүзеге аса ма?

–Тереңөзек кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигон құрылысы саланыды деп күтілуде. Жоба құны – 475,5 млн теңге.Тереңөзек кентінің орталық көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жол құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда. Жоба құны –382 млн теңге.Аманкелді Иманов көшесіндегі көпқабаттытұрғынүйлердің аула аумақтарын қайта жаңғыртуға 170,6 млн теңге жұмсалады деп күтілуде. Жоба құны – 7 млн теңге болатын «Бұхарбай батыр көшесінен жаяу жүргіншілер жолын А.Иманов көшесіне қосу жобасы бар. Қ.Бөдеев көшесіне тротуар мен науа салу ға 236,7 млн теңге жұмсалады деген жоспар бар. Н.Ергешбаев көшесін қайта жаңарту үшін 128,5 млн теңге жұмсалады деп жоспар жасалған. Тереңөзек кенті О.Мәлібаев көшесі бойындағы "Тағзым" алаңын абаттандыру қолға алынбақ. Сонымен қатар, Тереңөзек кенті бойынша электр қондырғылары мен электр желілерінің тозығы жетуіне байланысты арнайы ЖСҚ әзірленіп, сараптамаға ұсынылды.Тереңөзек кенті бойынша 10 көшеге, иғни, Қ.Бөдеев, Тоқтыбаев тұйығы, Б.Момышұлы 7,8 көшелері, Жастар, Таңсықбаев, Оразбаев, Тоқтыбаев, Айтбай арық, Ақтам, Достық көшелеріне күрделі жөңдеу жұмыстары бойынша жобалар әзірлену үстінде.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Тағы да оқыңыз: