Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданы ауыл шаруашылығы саласын дамытуда елеулі қызметтер атқарып келеді. Аграрланы саланы ілгерілету қашанда күн тәртібінен түспесі анық. Қашанда сан салаға бағытталған ауданның ауыл шаруашылығы Сыр өңірінің экономикасының негізі болып табылады. Осы ретте жыл көлемінде атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Нұрсейітпен сұхбаттасқан болатынбыз.
– Қанат Айтмағанбетұлы, ауыл шаруашылығы саласының негізгі басым-бағытының бірі – егін шаруашылығы екені даусыз. Өз кезегінде егін шаруашылығына қатысты жұмыстарды тізбектеп айтып берсеңіз.
– Негізінен, ауыл шаруашылығы саласы бойынша 27 млрд 350 млн теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,9 пайызға артты.
2023 жылы ауданымызда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 36043 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды. Оның ішінде негізгі дақыл – күріштің көлемі 23811 гектар, жаздық бидай 1723 гектар, арпа 15 гектар, мақсары 180 гектар, күнбағыс 100 гектар, жаңа жоңышқа 1846 гектар, ескі жоңышқа 7200 гектар және картоп, көкөніс, бақша 1168 гектарды (картоп-508 га, көкөніс – 240 га, бақша – 420 га) құрайды. 2023 жылдың егісіне 6788 тонна күріш тұқымы себілді. Атап айтқанда, отандық сорттар бойынша «Сыр Сұлуы» 140 гектарға (0,6%), Ресейлік сорттар бойынша «Лидер» 18221 гектарға (76,5%), «Янтарь» 5299 гектарға (22,1%), «Яхонт» 35 гектарға (0,2%), «Патриот» 36 гектарға (0,2%), Украйндық сорттар бойынша «Премиум» 17 гектарға (0,1%), «Виконт» 63 гектарға(0,3%) себілді. 17000 гектар(100,0%) күріш дақылын тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріліп, арамшөптерге қарсы 19000 гектар (100,0 %) көлемге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Шаруашылық құрылымдары жоңышқа дақылынан барлығы 23257 тонна мал азықтық шөп жиналды. Аудан бойынша 23811 гектар күріш дақылынан 59,8 центнерден өнім алынып, барлығы 142 390 тонна астық жиналды. Егілген 1723 гектар бидайдан 1278,8 тонна,15 гектар арпадан 16,5 тонна, 180 гектар мақсарыдан 90,0 тонна және 100 гектар күнбағыстан 10,0 тонна, 508 гектар картоптан 10668 тонна, 240 гектар көкөністен 5424 тонна, 420 гектар бақшадан 11760 тонна өнім жиналды. Күзгі егін жинау жұмыстарына 2318 тонна дизель отынын жеткізіп беруші оператор «Жібек жолы ЛТД» ЖШС-гі 245-265 теңгеден шаруашылық құрылымдарына жеткізілді. Ауданымызда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Ресей, Әзербайжан, Монғолия, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріне 15000 тонна ақ күріш экспорттады.
– Аяу су мәселесі қалай шешіліп жатыр?
– Жалпы, 2023 жылы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы елді мекендерді экологиялық аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында Асқар Тоқмағанбетов ауылында орналасқан «Қашыртқы» (3,2 км) Жетікөл ауылында орналасқан «Жыңғылдыкөл» (6,0 км) Аманкелді ауылында орналасқан «Хозцентр» (2,0 км) каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Және облыстық бюджеттен 52,0 млн. теңге қаржы бөлініп, Тереңөзек кентіне 2 электрлі насос, Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округіне 2 дизельді насос қондырғылары жеткізіліп, ауыл тұрғындарының сұраныстарына сәйкес пайдаланды.
– Қазақ халқының негізгі кәсібінің бірі – ауыл шаруашылығы екені даусыз. Өз кезегінде бөлім тарапынан мал шаруашылығын саласын өркендетуге қандай жұмыстар атқарылуда.
– 2024 жылдың 1 қаңтарында ауданда 40306 бас мүйізді ірі қара, 29682 бас уақ мал, 24168 бас жылқы, 1679 бас түйе, 12297 бас құс өсірілуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 105,7 пайыз, жылқы 121,3 пайыз, түйе 102, пайыз құс 100,2 пайызға артып, уақ мал 95,6 пайыз орындалды. 2024 жылдың 1 қаңтарында барлығы 4178,3 тн (тірілей салмақта) ет, 7181,7 тн сүт, 192,4 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 101,9 пайызға, сүт 100,7 пайызға, жұмыртқа 100,7 пайызға орындалды.
Қазіргі таңда ауданда 128 шаруашылық құрылымдары мал шаруашылығымен айналысып келеді. Оның ішінде 11 шаруашылық асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысуда. Асыл тұқымды 1000 бас мүйізді ірі қара, 4749 бас қой малы бар.
Мал азықтық дақылдарды қол жетімді бағада аудан тұрғындарына сатуды қамтамасыз ету жөнінде және күріш атыздарындағы сабандарды өртеуге жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы орган мен мал азықтық дақылдарды өндіруші субъектілермен 34 дана меморандум жасалғандығын айта кетейін. .
Жергілікті халық мемлекеттік бағдарламаның шапағатын қалай көруде?
– Өткен жылы «Кеңдала», «Агробизнес», «Іскер» бағдарламалары бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы, «Сырдария-1», «Ауыл» кредиттік серіктестіктері арқылы 60 шаруашылық құрылымдары егін және мал шаруашылығын дамытуға 538,3 млн теңге несие алды. Мал шаруашылығын дамытуға «Агробизнес», «Іскер» бағдарламасы бойынша 50 шаруашылық құрылымдары 390,9 млн теңгеге 394 бас сиыр, 356 бас жылқы, 1000 бас қой сатып алды. Егін шаруашылығын дамытуға «Кеңдала» бағдарламасы бойынша 4 шаруашылық құрылымдары 21,0 млн теңге, «Агробизнес», «Іскер» бағдарламасы бойынша 6 шаруашылық құрылымы 126,4 млн теңге несие алды «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша Кент және ауыл округтерден 193 жоба, оның ішінде 13 АӨК-нің жобалары 322 млн. тг. барлығы - 1460,4 млн. теңгеге, оның ішінде; Өндеу және қайта өндеу-9 жоба, Жылыжай – 2 жоба, Омарта шаруашылығы - 4жоба, Құс шаруашылығы - 2 жоба, Балық шаруашылығы – 2 жоба, Мал шаруашылығы – 136 жоба, Басқа бағыттағы бизнес жобалар – 38 жоба «Байқоныр» ӘКК АҚ-на ұсынылып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие комитетінің шешіміне сәйкес 234,7 млн. теңгенің 23 жобасына несие мақұлданды. Бүгінгі күнге мақұлданған 23 жобаға 234,7 млн теңге несие қаржылары аударылды.
– Ауыл шаруашылығы техникалары қаншалықты жаңарды
Техникалық саясатты жетілдіру және машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары соңғы жылдары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі кезде шаруашылықтар шетелдік заманауи, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникаларына басымдылық беріп келеді. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары бүгінгі күні жалпы – 71 дана ауыл шаруашылығы техникасы статистика бөліміне тіркеліп, негізгі қорға 2 млрд. 436 млн теңге салынды. Ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, бүгінгі күнге жалпы 196 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: Ауыл шаруашылығы техникаларын ауыл шаруашылығы нөмірлік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша заңды және жеке тұлғаларға 124 техника тіркелді. «Ауыл шаруашылығы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты бойынша оқу орнын бітірген куәліктеріне сәйкес және ескі үлгідегі куәліктерін жаңа үлгідегі куәлікке айырбасталып, барлығы – 48 тракторист-машинист жүргізушілік куәліктері берілді. «Ауыл шаруашылығы машиналарды жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу» стандарты бойынша 16 өтініш келіп түскен. «Ауыл шаруашылығы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 8 қызмет көрсетілді.
Қазіргі уақытта азық түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға қатысты қандай іс-шаралар қабылдануда?
– Аудан бойынша сауда орындарындағы 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында, мониторинг және өндіруші немесе көтерме бағаға қойылатын үстемақыларының 15 пайыздан асырмау қажеттігін және үстемақы асқан жағдайда айыппұл салынатындығы жөнінде аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді тобы апта сайын кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, 2024 жылы аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша 104 сауда нүктелерімен меморандумдарға қол қойылды. Жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында аудан және облыс орталығында 7 мәрте жәрмеңке өткізіліп, ауыл шаруашылығы өнімдері базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағамен ұсынылды.
– Кент тұрғындарының жайылымдық жерлерді суландыру мәселесі бойынша нендей жұмыстарға иек артасыздар?
Өткен жылы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, «Сырдариясушар» учаскесі және «Абзал и К» ТС-нің өкілдерімен бірлесіп, Тереңөзек кенті тұсындағы Соркөл учаскесіндегі жайылымдыққа су жіберу жолдарын зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстары барысында «Абзал и К» ТС-нің өкілдерінің айтуынша егін егілу және күтіп баптау кезеңінде тұрғындардың егістік алқаптың қоршаланған қораны бұзбай, малдарына қараса дейді. Күзде егін жинау науқаны аяқталғаннан кейін тұрғындардың малдары жайылуға болатындығы келісілді. Сонымен қатар, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, «Сырдариясушар» учаскесінің басшылары және «Абзал и К» ТС-нің орынбасарымен бірлесе ерте көктемде экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Соркөлдің мал жайылымдығына 1-ші нұсқа бойынша Айтек каналының 159-шы бекетінің тұсынан су алатын каналымен (жалпы ұзындығы – 2,3 шақырым, оның ішінде 1,1 шақырым жаңадан арна қазу, 1,2 шақырымына механикалық тазарту жұмыстарын жүргізу қажет) 2-ші нұсқа бойынша Айтек каналы арқылы су алатын «Абылай» (каналдың 1,9 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары қажет етеді) каналы арқылы су жіберуге болады.
– Биылғы меже бойынша біршама жоспарлар құрылған болар.
2024 жылы аудан бойынша жалпы 33029 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленіп отыр. Оның ішінде: негізгі дақыл күріш 20651 гектарға, жаздық бидай 2547 гектар, арпа 40 гектар, мақсары 90 гектар,күнбағыс 100 гектар,сүрлемдік жүгері 100 гектар, жаңа жоңышқа 1824 гектар, картоп 510 гектар, көкөніс 242 гектар, бақша 425 гектар, ескі жоңышқа 6500 гектарды құрады. Сонымен қатар, су үнемдеу технологиясын пайдалана отырып жаңбырлатып суару әдісімен Жетікөл ауылдық округіне қарасты «Жетікөл Жері» ЖШС-гі 40 гектар жерге күнбағыс дақылын орналастыру жоспарлануда. 2024 жылдың егісіне 5200 тонна күріш, 435 тонна бидай, 34 тонна жоңышқа, 15 тонна мақсары, 7 тонна арпа тұқымдары құйылды.
Биылғы жылдың күріш егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі 10320 тоннаның 6107 (59,2%) тоннасы сатып алынды. Оның ішінде аммоний сульфаты 3290 тонна, карбамид 2198 тонна, аммофос 619 тоннаны құрайды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұранысы бойынша арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің барлық қажетті көлемі 16500 литрді құрап отыр. Көктемгі дала жұмыстарына жүргізуге барлығы – 780 дана(Оның ішінде: 376 трактор 92,3 пайыз, 196 трактор тіркемесі 94,9 пайыз, 98 соқа 94,9 пайыз дайын 47 дән сепкіш 95,7 пайыз, 63 жүк көліктері 96,8 пайыз дайын. Ауыл шаруашылығы техникалары алдағы науқанға қатысатын болады.
Үкімет тарапынан көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізу үшін қажетті 3009 тонна жеңілдетілген дизель отынына шаруашылық құрылымдары «Gosagro.kz»веб-порталы арқылыөтінімдерін тапсырды.
2024 жылы шаруашылық құрылымдарында – 35 дана, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалында – 13 дана, ауылдық округтерде – 23 дана, аудан бойынша барлығы – 71 дана насос қондырғыларын каналдар мен қашыртқылар бойына орналастырып, егіске су алынатын болады. Биылғы жылы машина-трактор паркін жаңарту жұмыстарына және шаруашылықтар шетелдік заманауи, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникаларына басымдылық беріліп, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алынатын болады. Ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша инвестициялық жобалар іске асыру жоспарлануда.
С.Сейфуллин ауылдық округіндегі «Абадан и К» ЖШС-гі құны 70,0 млн. теңгені құрайтын күріш ақтау цехы, күріш сақтау қоймасы және күріш ақтау цехының ғимараты. (Күріш сақтау қоймасын, цех ғимаратының құрылысын жүргізді. Құрал-жабдықтарын орналастыру жұмыстарын жүргізуде. 2024 жылы іске қосылады деп жоспарлануда). Бесарық ауылдық округіндегі «Динсламова Г» жеке кәсіпкері құны 50,0 млн. теңгені құрайтын «Жылқы малын бордақылау». (Бесарық ауылында фазендасы бар. Бордақылау қорасын дайындау жұмыстары жүргізілуде.) Шаған ауылдық округіндегі «Шаған Жер» ЖШС-гі құны 60,0 млн. теңгені құрайтын «Макарон өнімдерін өндіру». (Қазіргі таңда құрал-жабдықты іске қосатын технолог мамандарын күтуде.) Тереңөзек кентіндегі «Шыңғыс и К» ЖШС-гі құны 150,0 млн. теңгені құрайтын «Күріш ақтайтын зауыт құрылысы заттарын сатып алу». (2024 жылға Тереңөзек кентінен 2 қойма, қырман ғимараттарының құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.) Жоғарыда аталған жобаларға сүймелдеу жұмыстарын жүргізетін боламыз.
2024 жылы аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша сауда нүктелерімен меморандумдарға отыру жұмыстары жүргізілуде және облыс пен аудан орталықтарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілетін болады.
– Сұхбатыңызға рақмет!