Kyzylorda-news.kz. Апат айтып келмейді. Тілсіз жаудан төнген қауіпке қарамастан күн-түн демей қызыл жалынмен арпалысқан өрт сөндірушілердің қайсарлығы мен батылдығына ерекше тәнті боласыз. Қармақшы аудандағы төтеншеліктердің тыныс-тіршілігін білмекке төтенше жағдайлар бөліміне бас сұғып, бөлім бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Өмірбек Сақтабаевпен сұқбаттасқан едік.
– Өмірбек Жаңабайұлы, әңгімемізді құтқарушы мамандығының маңыздылығынан бастасақ?
– Азаматтық қорғау саласының мамандары – өрт сөндірушілер мен құтқарушылар туралы таңды таңға ұрып айтуға болады. Бәріміз үшін бұл мерекенің маңызы бөлек. Жалпы аты айтып тұрғандай, адамзат баласын қауіп-қатерден құтқару, төтенше жағдай туындағанда тез арада көмек көрсету, түрлі табиғи апаттардан аман алып қалатын да осы – құтқарушылар. Өз өмірін қатерге тіге отырып от пен су кешетін құтқарушыларға құрметіміз жоғары. Себебі өрт сөндірушілер мен құтқарушылар – нағыз жүректі ер азаматтар. Бұл салаға жүрек қалауымен келген адам ғана елдің құрметіне бөленіп, еңбегінің жемісін көреді.
– Бұрын бала кезде қызыл өрт сөндіру көлігіне қызыға қарайтынбыз. Енді осы құтқару қызметінің бүгіні мен кешегісін салыстырмалы түрде айтып берсеңіз?
– Иә, өзіңіз айтып тұрғандай бұрын өрт сөндіру бөлімінің гаражында қызыл көлік тұратын. Әлі күнге дейін сол машина. Бірақ оның сыртқы пішіні мен іші заман талабына сай жабдықталды. Бұрын өрт сөндірушілердің қолында өртке себетін түтік, сорғыш қана болса, қазір заманауи техникалар қолданысқа енгізілді. Мәселен, бұрын қолданыстағы оқпандардың қуаттылығы төмен болса, қазір оның қуаттылығы артқан. Одан бөлек техникалардың өрт ошағына жету жылдамдығы да тез. Өрт сөндірушілердің сыртқы формасы да жаңартылды.
– Өзіңіздің азаматтық қорғау қызметіндегі жүріп өткен еңбек жолыңыз жайлы айтсаңыз?
– Мен осы салада 22 жыл қызмет істеп келемін. 2004 жылы оқуды бітіріп, аудандағы өрт сөндіру бөліміне қарауыл бастығы болып қабылдандым. 2008 жылдан бастап төтенше жағдайлар бөліміне ауысып, осы саладан қол үзбей қызмет істеп келемін. Ол да аз уақыт емес.
– Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ел алдындағы имиджі қандай?
– Азаматтық қорғау қызметі алғыс арқалайтын мамандық. Біз шақыру түскен кезде оқиға орнына мейлінше тез жетуіміз керек. Өйткені жиған тергені, үй-күйі өртеніп жатқан адам үшін бұл санаулы минуттар ұзақ болып көрінеді. Өмір бойы маңдай термен жинаған дүниесі көз алдында күлге айналғаны кімге болсын ауыр тиері сөзсіз. Сондай жағдайда олар көмекке келген өрт сөндірушілердің өздерінен кінә іздейді. Яғни, «өртке сусыз келді» деген сияқты ретсіз айыптар тағылады. Шындығына келгенде олай емес. Өрт сөндірушілер жалындаған қызыл отты сөндіру үшін суды қатты қысыммен шашады. Сол себепті су тез таусылады. Көп жағдайда өрттің тұтануы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан туындап жатады.
– Жақсы. Төтенше жағдай көбіне әр жерде табиғи және техногендік сипатта орын алып жатады. Ал енді біздің аймақта осы екі сипаттың қайсысы көп болып жүр?
– Жалпы төтенше жағдай айтып келмейтін апат. Біздің аймақта бұл сипаттың екеуі де жиі кездеседі. Олай дейтінім аудан Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Сол себепті жылда дарияның көтерілуіне байланысты су тасу қаупі туындайды. Осыған орай жылына екі рет республикалық оқу-жаттығу өткізіп отырамыз. Үйлер, көліктер жиі өртенеді. Одан бөлек дала, егіс алқаптарының жануы кездесуі мүмкін. Байқоңырдан ұшып жатқан зымыранымыз бар. Зымыран апатқа ұшыраған жағдайда құлау аумағына жатамыз. Сондықтан кез келген төтенше жағдайға дайын болуымыз керек.
– Ауданда төтенше жағдайға байланысты қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Осы жылдың І тоқсанда аудан аумағында 13 төтенше жағдай тіркелді Оның техногенді төтеше жағдай – 11 болса, табиғи төтенше жағдай – 2. Былтырғы жылмен салыстырғанда 7 немесе 54%-ке көбейген. Сондай-ақ жыл басынан бері 4 рет комиссия отырысы өткізілді, оның 1 кезекті, 3 рет кезектен тыс. Өткізілген 4 комиссия отырысында 6 өзекті мәселе қаралып 14 жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілген. Қаралған мәселелер бойынша аудандағы мекемелерде орналасқан сұйық отынмен жылу беретін қазандықтарды жеке тұрған ғимараттарға шығару мәселесі, әлеуметтік нысандардың күшті жел әсерінен шатырлардың ұшуы, аудан аумағында орналасқан құлақтандыру жүйелерінің жай-күйі, су тасқынының алдын алу шаралары, Жалағаш ауданы Далдабай ауылдық округі және Қармақшы ауданы Қызылтам елді мекені аралығындағы аумақты тасқын су басу салдарынан ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу, «Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылдық округі Қызылтам елді мекені аралығындағы «Жалағаш-Жосалы» автожолы бойындағы су өткізуге арналған өткелдің істен шығуы және автожолдың тасқын су салдарынан зақымдалу жайы талқыланды. 2023 жылдың І тоқсанда 11 өрт оқиғасы орын алды. Өткен жылмен салыстырғанда 5 өртке немесе 46 %-ке көбейген. Шығыны 3 млн. 300 мың теңгені құрады. (2022 жылы – шығын 1.380.000 теңге). Өткен жылмен салыстырғанда шығын 1.920.000 теңгеге немесе 58%-ке көбейген. Тіркелген өрттерді талдағанда: автокөліктерде – 2 өрт (2022 жылы – 1 өрт ) 1 немесе 50 % көбейген, тұрғын үй секторларында – 9 өрт (2022 жылы – 5 өрт) 4 немесе 45 % көбейген, объектілерде – 0 (2022 жылы өрт оқиғасы тіркелмеген), орман өрті – 0 (2022 жылы – өрт оқиғасы тіркелеген). Өрттен қаза болғандар: 2023 жылы – 1, (2022 жылы 0). Өткен жылмен салыстырғанда 1 немесе 100 % көбейген. Жарақат алғандар – 2 (2022 жылы – 0), көрсеткіш 100% көбейген.Өрттердің шығу себебіне келсек, жылыту пешінің ақауы – 5, электр желілерінің ақауынан – 5, отпен абайсыз болу – 1, өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтамай өрт, жану оқиғаларының туындауына себепкер болғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылык туралы кодексінің 410 бабы 1 бөлігіне сәйкес, жыл басынан 8 тұлғаға әкімшілік іс қозғалып, 8 жеке тұлғаға ескерту шарасы көрілді (2022 жылы – 8 әкімшілік іс қозғалып, 8 жеке тұлғаға «Ескерту» шарасы, көрілді).Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау-профилактикалық бойынша Қармақшы ауданы бойынша барлығы 690 объекті есепке алынды. Оның жоғарғы тәуекел дережелі – 110 объекті, орта тәуекел дережелі – 28, төмен тәуекел дәрежесіне 552 объекті. (2022 жылы 620 объекті, оның жоғарғы тәуекел дережелі – 149 объекті, жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтыны – 471объекті).2023 жылдың І жартыжылдығына жоспарлы өрт қауіпсіздігі саласы бойынша тексеруге – 17 нысан жоспарланды, оның 16 білім саласы 1 орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі (2022 жылы 36 объект, оның 31 білім саласы, 1 спорт, 1 Орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі және 3 су шаруашылығы мекемесі).2023 жылғы 3 айда 15 объект (2022 жылы – 39) тексерілді. Оның 14 объектісі жоспарлы, 1 жоспардан тыс (2022 жылы – 32 ерекше тәртіппен, 7 жоспардан тыс) тексерілді. Тексеру барысында өрт қауiпсiздiгi талаптарының 100 (2022 жылы – 251) бұзу фактісі анықталып, өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған 14 лауазымды тұлғаға бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар беріліп, (2022 жылы – 21) лауазымды тұлғаға қатысты 0 теңге (2022 жылы – 643 мың 230 теңге) әкімшілік айппұлдар салынды, лауазымды тұлғаға 0 «ЕСКЕРТУ» (2022 жылы – 9) жасалды және заңды тұлғаға 0 Ескерту (2022 жылы – 1) әкімшілік шаралары көрілді.Аудандық Прокуратурасымен бірігіп 1 мекемеге (Лесхоз) жоспардан тыс тексеріліп, 410 бабы 1 бөлімімен 1 лауазымды тұлғаға 34.500 теңге көлемінде әкімшілік шаралары көріліп уақытылы өңдірілді.
2023 жылы 3 айда Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462 бабы 3 тармағымен 0 хаттама толтырылып (2022 жылы – 1) әкімшілік сотқа жолданып (2022 жылы 214 мың 410 теңге) көлемінде ақшалай айыппұл салынды. Жоспарлы 0 объектісі (2022 жылы – 1) сай болып анықталды. Бақылау бағытында тексеру мерзімдері өтпеген, яғни 0 объект (2022 жылы – 5 объект) кемшіліктерді жойған.Өткен жылмен салыстырғанда тексерулер 24-ке немесе 61%-ке азайған, айыппұлдар 608 мың 730 теңгеге немесе 94%-ке азайған, ескертулер 10-ға немесе 100% азайған.
– Төтенше жағдай жұмыстарына байланысты үгіт-наисхат жұмыстары қалай жүргізілуде?
– Аудандық «Қармақшы таңы» және «Бәйтерек» газеттеріне және облыстық «Сыр құтқарушысы» журналының басылымдарына 10 мақала жарияланды, 2 рет бейнетүсірілім жасалған. «Жосалы теміржол вокзалы», «Төретам теміржол вокзалы» және «Таңсықбай» базарында дауыс зорайтқыш (громкоговоритель) арқылы халыққа өрт, судағы қауіпсіздік және төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 44 рет (2022 жылы – 82) мақалалар оқылды.Қызылорда облысы ТЖД-нің әлеуметтік желісіне және аудандық «Open Qarmaqsni», «Facebook», «Instagram» парақшаларында 82 мақала (2022 жылы – 40) жарық көрді.Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі «Өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізу туралы» №124 бұйрығына сәйкес, Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №10 ӨСБ мен Байқоңыр қаласы №8 ӨСБ кезекшіліктен тыс жеке құрамымен әр аптаның сенбі күндері жеке тұрғын секторда 2549 тұрғын үйдің 11595 тұрғындарына үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, өткен жылмен салыстырғанда 991 үйге жүргізілген.
– Өртке қарсы су көздерінің жағдайы қандай?
– Қармақшы ауданында 898 өрт гидранты мен 34 су қоймасы орналасқан. Оның 74 өрт гидранты мен 4 су қоймалары жарамсыз күйде. Қармақшы аудандық №10 ӨСБ-нің шығу ауданында барлығы 800 өрт гидранты мен 24 су қоймасы орналасқан. Жосалы кентінде 360 өрт гидранты орналасқан, оның 2 мекемесінде 2 ӨГ және кент орталығында 11 ӨГ жарамсыз күйде, елді-мекендерде 374 өрт гидранты орналасқан, оның 57 ӨГ жарамсыз күйде, шаруашылық мекемелерінде 66 өрт гидранты мен 11 су қоймасы елді-мекендерде және 13 су қоймасы шаруашылық мекемелерінде орналасқан, оның 1 су қоймасы (Терминал) жарамсыз күйде. Байқоңыр қаласы №8 ӨСБ-нің шығу ауданында 98 өрт гидранты мен 10 су қоймасы орналасқан, оның 4 ӨГ және 3 СҚ жарамсыз күйде. Төретам кенті бойынша ӨГ саны 45, Ақай ауылдық округі 43 ӨГ, Байқоңыр қаласы 9 ӨГ және Диірментөбе елді мекенінде 1 ӨГ, оның шаруашылық мекемелерінде 7 ӨГ және 10 су қоймалары бар, Төретам кентінде 6 СҚ, Ақай ауылында 3 СҚ, Диірментөбе елді мекенінде 1 СҚ орналасқан. Қазіргі таңда өртке қарсы су жүйелеріне көктемгі маусымдық қарау жұмыстары жүргізілуде.
– Бөлімнің алға қойған негізгі міндеті қандай?
– Азаматтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Төтенше жағдайлар министрлігінің Алқа шешімдері мен жедел кеңес тапсырмаларын, Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын және аппараттық жиналыс хаттамаларында көрсетілген тапсырмаларды нақты орындау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізу. Сондай-ақ азаматтық қорғау қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау. Келіп түскен хат хабарларды (жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер) уақытылы орындап, мерзіміне сай тиісті органдарға (мекемелерге) жауаптарын жолдау.
– Әңгімеңізге рақмет!