Kyzylorda-news.kz. Өткенімізді көз алдымызға келтіріп, болашаққа қызмет ететін, ел тарихын байытатын, мемлекетіміздің құнды мұрасын сақтайтын мекеме ол – архив. Архивтің ел өмірінде алатын орны ерекше. «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қармақшы аудандық филиалы 37 жылдан бері халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді. мекемені осы салада ұзақ жылдық тәжірибесі бар Гүлжамал Іздібаева басқарады. Жуырда аталған мекемеге атбасын бұрып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға құлақ түрген едік.
– Гүлжамал Ерахметқызы, сіздердің көрсететін қызмет түрлеріңіз қандай?
– Архив қызметкерлерінің негізгі жұмысы – архивтік анықтамалар мен құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру, мекемелердің ведомоствалық архивтерінен құжат қабылдау, есепке алу, тігіп-түптеу, шифровкалау, жыртылған, мәтіні өшкен парақтарды қайта қалпына келтіру, сұрыптап, маңызы жоғын жою, іс номенклатурасын құрастыру, жазба қағазын жазу, ғылыми-техникалық өңдеу, құжаттарды шаң-тозаңнан тазарту, мекемелер мен ұйымдарға архив ісі жөнінде әдістемелік қызмет көрсету бұл архивистердің күнделікті көзге көрінбейтін қызметі. Мұндағы 34000-нан астам құнды құжат әлеуметтік-құқықтық сипаттағы азаматтардың өтінішін қанағаттандыру үшін кеңінен пайдаланылады. Адамдарға туу туралы куәлік, мектепте білім алғаны туралы куәлік пен аттестат, еңбек өтілі, еңбек ақысы, марапаттау жөнінде, ауыл мен көше атауларының өзгеруіне байланысты анықтамалар беріледі. Сонымен бірге архивистер аудандық деңгейдегі айшықты оқиғаларға байланысты фотоқұжаттық көрмелер дайындайды, оқушылармен экскурсиялар ұйымдастырады, ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізеді және архив құжаттарынан мақалалар жазады.
– Аудандық архивте қанша, қандай құжаттар сақталуда?
– Мекемеде 1926 жылдан 2015 жылға дейінгі 143 қордан, 34777 құжат сақталуда. Атап айтқанда 1926-2004 жылдардағы Қармақшы аудандық сотының үкім, шешімдері, 1935-1942 жылдар аралығындағы Халық Әділет Комиссариатының акт жазбалары, 1934-1992 жылдар аралығындағы Қармақшы аудандық атқару комитетінің, 1937-1941 жылдардағы Қармақшы ауданына қоныс аударған түрлі ұлт өкілдерінің тізімдері және Приморский партизан колхозынан қоныс тепкен корей халқының тізімдері, қоныс аударған ұлт өкілдеріне аудан азаматтарының көмегі, достығын білдіргені туралы құжаттар және ауданымыздың барлық ұйымдар мен кәсіпорындарының басқару-әкімшілік құжаттары сақталуда. Сонымен қатар, жеке тектік қор иелері даңғайыр ақын Тұрмағамбеттің шәкірті Әлиакбар Жұматаев, еңбек ардагері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Әбдірай Бөрібайұлы, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Шәкіман Бектібайұлы, Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана, еңбек ардагері Сәлима Жұмабекова, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Қасқыр Наметшаев, І дәрежелі «Еңбек Даңқы» белгісінің иегері Милияр Арифов, Қармақшы ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Жазықбай Нұржанов, Қармақшы ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Әбен Тоғызбаев, ең¬бек ардагері, «Құрмет белгісі», «Құр¬мет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Қылышбек Әбішев, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Қаратай Қуаңбаев, айтыскер ақын, Жазушылар одағының мүшесі, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Қали Шыңғысов, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Ідіріс Тұрмағанбетов, еңбек ардагері, Қазақстан Журналис¬тер одағының мүшесі, КСРО спорт шебері Жарболсын Құндақбаев, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Серік Дәкенов, жыршы, термеші Көшеней Рүстембекұлы секілді ауданымызға еңбегі сіңген азаматтардың жеке құжаттарын, фото құжаттарын архив қорынан көруге болады.
– Мекемеде қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Жыл басынан бері архив ісін жүргізу және басқаруда Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасында және «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының іс-шаралар жоспарына сай жұмыстар атқарылды. Архив жүйесінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және архив ісін жетілдіру бағытындағы қызметтерді жүзеге асыруда мекемелер жүйесіндегі үкіметтің өкілетті және атқарушы органдарымен, мәдениет, білім мекемелерімен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен іскерлік қатынастарды орнатудағы өзара қарым-қатынастарды нығайту жұмыстары өз жалғасын табуда.Архив ісінің дамуы, Ұлттық архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз етумен қатар, архив қорының маңызды құндылықтармен толықтырылуы және олардың кең көлемде қолданысқа еніп жариялануы архивистердің негізгі назарында. Ұлттық архив қорларында сақтауға алынған құжаттардың физикалық жай-күйін жақсартуда қағаз негізіндегі құжаттар 29, 30, 31, 55, 120, 121, 129-ші қорлардан 439 құжат тігіп-түптеліп және № 29, 30, 31, 55, 108, 120, 121, 129, 135, 145-ші қорлардың 714 мұқабасы шифровкаланды.№ 24-ші қордың 63 ісінің 312 парақтарына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. № 9, 21, 29, 30, 31, 49, 55, 108, 120, 121, 129, 135, 145-ші қорлардың 600 жазба қағаздары жазылып, ілінді. №20, 22-ші қорлардың 35 ісінен 125 мәтіні өшуге айналған парақ қалпына келтірілді. № 55, 56, 57-ші қорлардың 354 байламының 4254 ісіне шаң-тозаңнан тазарту жұмыстары жүргізіліп, құжаттар ығыстырылып орналастырылды. № 44, 45, 46, 47, 48-ші қорлардың 826 сақтау бірлігінің жай күйі тексеріліп 5 тексеру қорытындысы туралы акт толтырылды. Архив қызметкерлеріне және зерттеушілерге қор сақтау қоймасынан 1800 құжат беріліп, берілген 1800 құжат қайта орнына қойылды."Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесі, "Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, "Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, "Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мамандарына «Ұлттық архив қорының және басқа да архивтік құжаттарды ведомоствалық архивтерде қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану тәртібі», 15 наурыз күні Қармақшы аудандық мәслихаты, «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Төретам кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қармақшы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мамандарына «Е-Архив» ақпараттық жүйесіндегі «Істер номенклатурасы бөлімі», 12 сәуір күні «Қармақшы аудандық ауылшаруашлығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарына «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» тақырыбында 3 семинар кеңес өткізілді. (Барлығы 16 мекемеден, 20 қызметкер қатысты).14 ведомоствалық архивте және 14 мемлекеттік архивте, барлығы 28 әдістемелік кеңестер берілді және 17 байқау ісімен жұмыс жүргізілді.Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының сараптама тексеру әдістемелік комиссиясының мәжілісіне 531 сақтау бірлігі ұсынылды, оның ішінде 353 басқару және 178 жеке құрам бойынша құжаттары мемлекеттік архивке қабылданды.7 істер-номенклатурасы (оның ішінде 7 құрастыру) және 7 мекемеден 621 мерзімі өткен сақтауға жатпайтын құжаттарды жою туралы актісі бекітуге және келісуге ұсынылды.
– Архив қорындағы құжаттарға байланысты арнайы сабақтар өткізіліп тұрады ма?
– 2023 жылы жоспарға сәйкес мекеме қызметкерлеріне «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінде болған өзгерістер, жаңартулар», «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары» тақырыбында мекеме қызметкерлерінің біліктілігін артыру бойынша 2 оқу өткізілді.«Архивтік анықтамалар, архивтік үзінділер беру» атты 1 дөңгелек үстел өткізілді. Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің 7 «б» сынып оқушыларына «Аналар асыл жандар», 3 мамыр күні Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің 4 «а» сынып оқушыларына «Ұлы Отан Соғысының ардагерлері-архив қорында» атты 2 сабақ өткізілді. Сонымен қатар мекеме басшысы заңды тұлғалар өкілдерін және жеке азаматтарға "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызметі бойынша 1 ашық есік күні өткізілді.Мекеме ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мекемеде 2-21-88 нөмірлі «Сенім телефоны» мен арыз-шағым жәшігі орнатылған. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар жалғасын табатын болады.Жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен, мәдениет, білім, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасалып, аудандағы барлық шараларға қатысып отырады.
– Техника қарыштап дамыған заманда архив саласы да жақсы қарқынмен дамып келеді. Сіздерде құжаттарды цифрлы форматқа көшіру жұмысы қалай жүруде?
– 2013 жылдан бастап сақтауда тұрған құжаттарды жедел түрде сандық форматта жүргізу жұмыстары қолға алынды. Бұл жұмысқа, яғни құжаттарды сандық форматқа ауыстыру үшін арнайы штатпен ақпараттық технологиялар инспекторы Кенже Қайратбекова жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін аудандық архивтегі 140 қордың 21 қорынан 7000-нан астам сақтау бірлігін, 945000 парағын цифрлық форматқа өткізді. Бұл жұмысқа арнайы жылдам өткізетін сканерлер беріліп, жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл дегеніміз, алдағы уақытта барлық архив құжаттары цифрлық форматта сақталады деген сөз. Тағы бір айтарлықтай жаңалық, 2020 жылдың ІV тоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы тапсырмасымен «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі жасалып, мекемедегі сандық форматтағы құжаттарды жаңа жүйеге енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда бұл ақпараттық жүйе аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат, Жосалы, Төретам кенті әкімі аппараттары, Қармақшы ауданы әкіміне қарасты бөлімдер және барлық ауылдық округ әкімдіктеріне, барлығы 26 мекемеге қосылды. Аталған мекемелер алдағы уақытта осы ақпараттық жүйе арқылы архив мекемесіне құжаттарын электронды түрде өткізетін болады. 2021 жылдың қазан айынан бастап «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі де осы Е-Архив жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер мен сұранымдарға байланысты заң талаптарына сай тиісті жұмыстар атқарылды. 3 айдың есептік кезенінде барлығы 384 сұраныс тіркеуге алынып, орындалды. Орындалған өтініштердің 290-ы қанағаттандырылып, 94-і түсіндірілді. Тақырыптық өтініш жоқ.Барлық өтініштерге заң аясында уақытылы толық жауаптар берілді, жауап беру мерзімі өтіп кеткені жоқ.«Электронды архив» бағдарламасы аясында архивтік құжаттарды цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп № 53, 56-шы қорлардан 526 іс, 47642 парақ өткізілді.«Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесіне архивте сақтауда тұрған №62 қордан 33 тізімдеме, 290 іс, 36768 парақ «Е-Архив» ақпараттық жүйесіне енгізілді.
– Алда қандай мақсаттар бар?
– Мемлекеттің нығаюы, механизмнің күрделене түсуі, құжаттардың жаңа түрлерінің пайда болуы, қызмет көрсетуді автоматтандыру архивис¬терге үлкен міндет жүктеп отыр. Қай елдің болмасын қоғамдық-саяси, экономикалық, рухани өмірі, жалпы бар болмыс-тіршілігі құжаттарынан көрініс тауып, уақыт өте келе тарихына айналатыны белгілі. Уақыт еншісіндегі байлықты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, оны тиісінше сақтау және қоғам мүддесіне пайдалануды ұйымдастыру архивтер мен архившілердің мақсаты. Ал сол мақсатты біздің архивистер абыроймен атқарып келе жатқанына кәміл сенемін. Шындығында да тарихты жасайтын – халық, сақтайтын – архив. Олай болса архивтегі құжаттар қай кезде де маңыздылығын жоғалтпайды.
– Әңгімеңізге рақмет. Жұмыстарыңызға жеміс тілейміз.