Kyzylorda-news.kz.  Заманауи адамның негізгі көмекшісі – бұл смартфон, ал қаржылық көмекшісі – заманауи банктік қосымша. Тұтынушылар тарапынан соңғысына қатысты талаптары күннен күнге арта түсуде. Бүгінгі таңда жаңартылған Halyk Homebank қосымшасы технологиялық өнімдерге 24/7 режимінде қол жеткізіп, клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін негізгі қаржылық көмекшіге айналмақ.

Жаңартылған Halyk Homebank қосымшасы клиенттерге қандай тұрғыда пайдалы болатыны және бәсекелестерден қандай айырмашылығы бар екіндігі жөнінде Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Жұмабек Мамутовтолығырақ әнгімелейді.

Жұмабек Жарылқасынұлы, Halyk Homebank қосымшасы– көптеген клиенттерге танымал Homebank қосымшасының жаңартылған нұсқасы. Halyk Homebank-тің негізгі артықшылықтары жөнінде айтып берсеңіз?

– Тыңғылықты әрі тоқтаусыз жұмысымыздың нәтижесінде біз Homebank-нің негізгі идеясы – «Әрдайым жаныңда болатын Банк» ұстанымы толықтай сақталған жаңартылған Halyk Homebank қосымшасын іске қостық. Қосымшада Банктің тиімді өнімдері және клиенттеріміздің банк қызметіне қатысты және өзге қажеттіліктерімен байланысты күнделікті мәселелерін шешуге көмек беретін жылдам қызметтер ұсынылған. Бұл да бар мүмкіндіктердің шегі емес. Күн сайын біз қосымшаның қызметін кеңейтіп, жаңа шешімдер енгіземіз. Мен қосымшаның біздің қазіргі және болашақтағы клиенттеріміз үшін сенімді көмекші болатынына сенімдімін. Командамызбен бірге жұмыстың нәтижесін мақтан тұтамыз, өйткені соңғы жарты жылдың ішінде, қазан айынан бастап Halyk Homebank қосымшасының бірегей белсенді пайдаланушыларының саны 3,5 миллион клиентке дейін өсті!  Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе жоғары. Айтарлықтай көрсеткіш, келісесіз бе! Сонымен қатар, біздің мобильді қосымшаның танымалдығы қосымшаны жүктеу санымен де расталады. SimilarWeb ақпан айындағы деректері бойынша Halyk Homebank қосымшасы ҚР қаржы саласындағы мобильді қосымшалар арасында Google Play Store-да жүктеу бойынша №1 болды. Қызметтерді үнемі жақсартуға бағытталған жұмысымыз Банк клиенттерінің назарынан тыс қалмағанына өте қуаныштымыз.

Қосымшада клиенттер үшін көптеген пайдалы қызметтер бар, олардың арасындағы ең өзекті және тиімдісін атап өтсеңіз?

-Біздің сервистерімізді дамыта отырып, ең алдымен ыңғайлылыққа, қарапайымдылыққа және ең бастысы клиенттеріміз үшін тиімді болуына сүйенеміз. Бұл нені білдіреді?Клиенттің қосымшаны қолдануын талқылап көрейік. Мысалы, сіз Halyk Homebank қосымшасын пайдалануды ұйғардыңыз делік. Сіз қосымшаны жүктеп, онлайн тіркеуден өтіп, содан кейін бірден welcome бонусын аласыз, оны бірден жұмсауға болады, мысалы, ұялы байланыс үшін төлеуге болады. Біздің қосымшада 5 000-нан астам төлем түрі бар, сондықтан клиенттер өздеріне қажетті төлемдерін жүргізе алатынына сенімдімін. Алғашқы бонус Halyk Homebank қосымшасының барлық жаңа қолданушыларына дұрыс таңдауы үшін біздің ризашылығымыз ретінде есептелетінін атап айтқым келеді.

Тіркелгеннен кейін қосымшада қандай қызметтер қолжетімді? Бір минут ішінде цифрлық картаны онлайн ашып, барлық банктік операцияларды жүргізуге болады. Цифрлық карта қосымшада төлем жүргізіп қана қоймай, телефон нөмірі немесе QR арқылы аударымдар қабылдауға немесе жіберуге, жалақы алуға, банкоматтан картасыз қолма-қол ақша алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар цифрлық картаны Apple Pay, Samsung Pay және Homebank Pay сияқты танымал сервистерге байланыстырып, сатып алуларға смартфон арқылы төлем жасауға және бонустар алуға болады. Жалпы, біз смартфонның көмегімен барлық күнделікті мәселелерді пластикалық картасыз шешуге мүмкіндік беретін қызметтер жиынтығын жасадық. Егер клиентке пластикалық карта қажет болса, оны клиенттің үйіне тегін жеткізу қарастырылған, немесе картаны Банктің кез келген бөлімшесінде 5 минут ішінде шығарып алуға болады.

Цифрлық картаға ие бола отырып, клиент онлайн кредит ала алатынын жеке атап өткім келеді.Бұл әрдайым сұранысқа ие болатын негізгі банктік өнім. Әрине, бүгінгі таңда онлайн кредитпен ешкімді таң қалдыра алмайсың, бірақ оның тиімді шарттарымен қызықтыруға болады. Осылайша, біздің қосымша арқылы онлайн кредит ресімдеу кезінде клиенттерге 50% мөлшеріндегі жеңілдік беріледі. Өнімнің осы түрінің танымалдығын көріп отырмыз. Қазіргі уақытта кредиттердің 50%-нан астамы онлайн ресімделеді және осы сандар біздің шарттардың тиімділігін және қызметтің ыңғайлығын растайды.

Тиімді өнімдерді сипаттай отырып, біздің жаңа өнім – онлайн қайта қаржыландыру қызметі жөнінде де айтқым келеді. Аталған қызметтің көмегімен клиент өз төлемдерін 5 минут ішінде төмендете алады. Өнім өте өзекті және жоғары сұранысқа ие. Азырақ төлеу әрдайым тиімдірек, сондықтан әр клиент өзінің борыштық жүктемесін төмендетуді қалайтыны сөзсіз. Біз осыны жүзеге асырдық! Әр клиент біздің қосымшаны жүктеп алып, өз төлемін қаншалықты төмендете алатынын тексере алады. Қайта қаржыландыру қызметін онлайн, қосымшада тіркелгеннен кейін 5 минут ішінде қолдануға болады.

Мен өзім көптеген қызметтерді пайдаланатынымды және Halyk Bank тек шығындар туралы ғана емес, табыс туралы екенін атап өткім келеді. Мысалы, Halyk Homebank қосымшасында менің барлық транзакцияларым үшін жиналған бонустар мені таң қалдырды, сіздердің бонустық бағдарламаңыз туралы айтып беруіңізді сұраймын.

– Әрине, қуана жауап беремін. Осыған дейін айтып өткенімдей, біз барлық жаңа клиенттерімізді бастапқы бонустармен қарсы аламыз. Біздің Halyk Club ниеттестік бағдарламасын жеке атап өткім келеді. Бұл клиенттерімізге арналған артықшылықтар клубы, ол арқылы Halyk Homebank қосымшасында және Банктің POS терминалдарында төлем жасағаны үшін 1% кепілді бонус, сонымен қатар 22 000 астам дүкенді құрайтын Halyk Clubсеріктестер желісінде 25% дейін жоғары бонус алуға болады. Біздің барлық серіктестерді Halyk Club жасыл түсті стикерлер көмегімен немесе қосымшадағы Halyk Club бөлімінде анықтай аласыз. Ыңғайлы болу үшін серіктестер санаттарға бөлінген. Клиенттеріміз жинаған бонустарын коммуналдық төлемдерге, мобильді байланысқа, көптеген өзге төлемдерге, сондай-ақ Halyk Club серіктестер желісінде жұмсай алады. Осыған қоса, клиенттер Halyk Lightбөліп төлеу картасымен тауарды 4 айға бөліп төлеумен сатып алып, Halyk Club серіктестер желісінде комиссиясыз және артық төлемсіз төлем жасайды.

Сіз клиенттерге арналған жаңа мүмкіндіктер туралы қызықтырып айтып бердіңіз, ал қазіргі уақытта Halyk Bank қандай ыңғайлы қызметтерді іске қосты?

– Сұрағыңызға рахмет, бұл сұхбат клиенттерімізге барлық қосымша қызметтеріміз туралы егжей-тегжейлі айтып беруге жақсы мүмкіндік. Бүгінгі таңда біз алыс сапарға аттануды ұнататын саяхатшыларымызға арналған қызметтерді – Halyk Travel және Halyk Tour іске қостық.

Halyk Travel – әуе билеттерін сатып алу қызметі. Қызметті іске қосу аясында «әуе билеттеріне 25% жеңілдік» акциясын жарияладық және қазіргі кезде біздің Halyk Travel  қызметі арқылы әуе билеттерін сатып алуға деген жоғары сұранысты көріп отырмыз. Әуе жолдарымен сапарға шығуды барлығы жақсы көреді, ал әуе билеттерін тиімді сатып алу әлдекайда жағымдырақ.

Біз әзірлеген екінші қызмет – саяхат турларын сатып алуға арналған Halyk Tour қызметі. Аталған өнім де үлкен сұранысқа ие болды. Клиенттеріміз саяхат бағыттарын таңдауды және жоспарлауды ұнатады, бұл ретте біз «мерзімі жақындаған тиімді тур», «үздік тур», «өзіңе арналған саяхатты» таңдауға қосымша мүмкіндік береміз. Қажетті саяхат таңдалған болса, клиент 5 минут ішінде төлем жасап, сапарға жинала бастауға мүмкіндік алады. Ұсыныстар клиенттер үшін қызықты және тиімді болуы үшін барымызды салдық. Осылайша, клиент саяхатты Halyk Tourарқылы сатып алғанда жұмсаған сомадан 5% бонус алады, ал Halyk Homebank қосымшасындағы Booking.com қызметі арқылы қонақүй брондаған болса қосымша + 7% бонусқа ие болады.

Осыған қоса, біздің қосымшада клиенттер көлігіне АЖМС (ОГПО) сақтандыруды онлайн ресімдей алады. Қосымшада  өмірді, жұмысты, жылжымайтын мүліктісақтандыру, COVID-19 індетіне шалдыққанда қаржылық қорғауды қоса алғанда, сақтандыру өнімдерінің өзге де түрлері қолжетімді.

Ыңғайлы қызметтермен қатар, біз клиенттерді акцияларымызбен қуантамыз. Өткен жылы өткізілген, Halyk Homebank  мобильді қосымшасы арқылы телефон нөмірі арқылы аударымдар мен төлемдер жасағаны үшін апта сайын iPhone12 ұтыс ойыны сияқты акцияларымыз клиенттердің қызығушылығына ие болды. Әлеуметтік желілердегі көптеген өтініштер бойынша біз осындай акцияларды бұдан әрі жалғастыруды ұйғардық. Апта сайын 29 тамызға дейін клиенттеріміз Halyk Homebank қосымшасында телефон нөмірі арқылы аударымдар мен төлемдер жүргізе отырып, iPhone12 ұтып алу мүмкіндігін алады. Телефон нөмірі бойынша аударымдар мен төлемдер неғұрлым көп болса, iPhone 12 ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым арта түседі.

Ұтыс ойындары туралы тақырыпты жалғастыра отырып, біздің жаңа шарамыз 100-ге100%- туралы айта кетейін. Әр аптада біз мобильді қосымша арқылы коммуналдық төлем жасаған 100 клиентті таңдап, төлем сомасының 100%-н бонус түрінде қайтарамыз, осы арқылы коммуналдық төлем тегін болмақ. Halyk Bank коммуналдық төлемдерді тиімді етеді. Біз клиенттерімізге түрлі акциялар ұсынуға дайынбыз, қосымшаны пайдалана отырып, клиенттер әдеттегі онлайн қызметтерден көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізеді.

Сөзімді қорытындылай келе, біздің қазіргі және жаңа клиенттерімізге Halyk Homebank қосымшасын пайдалану ыңғайлы әрі тиімді екендігін айтқым келеді. Біз, өз кезегімізде онлайн қызметтер мен қызмет көрсету сапасын жетілдіруді жалғастырамыз.

Тағы да оқыңыз: