Kyzylorda-news.kz Тарих қойнауынан сыр шертетін қасиетті ауыл топырағынан жақсы менен жайсаңдар түлеп ұшқаны белгілі. Қазақ даналығында «Ауылы бүтінді аман де, елі бүтінді есен де» деген ғибратты сөз бар. Анты бір ауыл халқы қашанда мызғымас бірлігінен, ырысқа толы ынтымағынан айныған емес. Талай сүрлеу жолдан өткен ауылдағы ағайын жақынына болысып, теріскейде төрт түлігін төлдетіп, жақсылық атаулыға болысуда. Өз кезегінде Айдарлы аулының әкімі Нұрбол Жұмабековпен сұхбаттасқан едік.
– Нұрбол Баянәліұлы, биыл құрылғанына 50 жылдығын тойлайтын Айдарлы ауылы туралы кеңінен айта кетсеңіз.
– Айдарлы ауылдық округі 1974 жылы құрылған. Ауылдық округі аудан орталығынан 115 км, облыс орталығынан 55 км қашықтықта орналасқан. Ауылдық округтің жер қоры 169904 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылық жер көлемі - 22138 га, жайылымдық –14183 га, шабындық – 5980га, егістік жер – 1975 га. Елді мекенде 1984 жылы салынған 624 орындық №139 орта мектеп, 2021 жылы жөндеуден өткізіліп пайдалануға берілген «Нұр сәби» бөбекжай балабақшасы, 150 орындық ауылдық клуб Үйі, әкімшілік ғимараты, клуб үйі жанында орналасқан кітапхана, 2013 жылы типтік жобада салынған дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетеді. Халық саны – 1628 адам. 305 отбасы тұрады. 172 зейнеткер, 46 мүмкіндігі шектеулілер, 26 «Алтын алқа» және 35 «Күміс алқа» иелері бар. Ауылдық округ бойынша 734 белсенді халықтың жалдамалы қызметкерлер саны 420 адам, немесе жалпы жұмыспен қамтылған халық санының 57,5 пайызын құрайды. Жалпы жалдамалы қызметкерлердің 50,5 пайызы 210 адам елді мекен ішінде, 14 пайызы 61 адам вахталық әдіспен басқа облыс аумағында, 35,5 пайызы 149 адам Қызылорда қаласында жұмыс жасайды. Ауылдық округте табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 15 отбасы немесе 87адам тұрады. Бұл елді мекендегі жалпы отбасының 4,9 пайызын құрайды. Оның 13-і қоғамдық жұмысқа жіберілді.
Елді мекенде: оқушылар – 329, студенттер – 87,еңбек жасындағы мүгедектер – 19, зейнеткерлер – 172 адамды құрайды. Бала күтіміндегі аналар – 71 болып табылады.
– Білім саласында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Негізінен, №139 орта мектебінде 2022-2023 оқу жылында 1-11 сыныптарда 329 оқушы білім алды. Ағымдағы жылдың қорытындысымен 11 сыныпты 18 оқушы бітіріп, оның 4-уі алтын белгі алса, 1-і үздік аттестат иегері атанды. Толықтай грант иегері атанып жоғары оқу орнына түсті. 1 мектепалды даярлық тобы және мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс жасайды. Мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінде 228 оқушы және Жалын лагеріне 32 бала, басқа қалалардағы демалыс лагерінде 6 оқушы демалды. Ауылдағы 25 орындық «Нұр-сәби» балабақшасы 2021 жылы қазан айында жаңа ғимаратқа көшіріліп, 50 орындық «Нұр сәби бөбекжай балабақшасы» болып ауыстырылды. №139 орта мектебіндегі «Толағай» шағын орталығының 1тобы жабдықтарымен жаңа ғимаратқа көшірілді. Қазіргі уақытта екі топта 45 бала тәрбиеленуде.
– Мәдениет саласы бойынша ауқымды іс-шаралар өткізілуде ме?
– Ғафурдин Жанұзақов атындағы ауылдық клубында барлығы 10 қызметкер жұмыс жасайды. 2023 жылдың 12 айында клуб ұжымының ұйымдастыруымен барлығы 44 мәдени іс-шара өткізіліп, 4950 көрермен тартылды. Ауылдық клуб үйінде қазіргі таңда Айдарлы халық театры, «Сұлу-ай» әжелер ансамблі, ән, би, көркемсөз, қолөнер үйірмелеріне 87 өнерпаз қамтылып, жұмыс жасап келеді.
– Денсаулық және ветеринария, ауыл шаруашылығы саласында қандай өзгерістер бар?
– Ауылдық емханада барлығы 9 адам жұмыс жасайды.Ауылдық емхана жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілген. Емханаға келіп қаралған адам саны 4268, шақырту бойынша 2214 адам үйден қаралып, 919 адам белсенді түрде ем алса, профилактикалық байқаудан 181 ересек азаматтар және 546 жас өспірім тексеруден өткізілді.
Айдарлы ауылдық округі бойынша 2786 ірі қара мал, 1284 жылқы, 24 түйе, 184 қой, 296 ешкі және 1281 құс тіркелген бір ветеринарлық пункт қызмет көрсетеді. Елді мекенде егін шаруашылығымен аналысатын – 3, мал шаруашылығымен айналысатын – 78шаруа қожалықтары бар. 2023 жылы 144 ауыл тұрғындары 27 гектар картоп, 79 гектар Бақша, 4 гектар көкеніс өнімдерін егіп аудан бойынша орташа өнім алды. Нәтижесінде, ауылдық округтегі 305 отбасының 40,0 пайызы өз-өзін азық-түлікпен қамтамасыз етеді.
– Автомобиль жолдары және кәсіпкерлік бойынша жұмыстарға тоқталып өтсеңіз...
– Ауылымызда автомобиль жолдары бойынша елді мекенде барлығы 10 көше бар (12,9км), оның 11,3 км-і қатты қабатты (асфальт), ал қалған 1,6 км-і топырақ қабатты көше.
Көшелерді жарықтандыру бойынша елді мекендегі 10 көшенің жалпы ұзындығы 12,9 км толықтай 100 пайыз жарықтандырумен қамтамасыз етілген. Ауыл тәулік бойына толықтай ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ауылдық округі бойынша 120 кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер-34, шаруа қожалықтары-81, Ауыл шаруашылық өндірістік коопетативі-5. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрғаны-118. Жұмыс істеп тұрғандардың тіркелгендерге үлесі 98,3 пайыз. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша «РИЦ» микро қаржы ұйымы арқылы құны 3,0 млн. теңгенің «Жылқы басын көбейту» жобасы қаржыландырылды. «Аграрлық несие корпорациясы» микро қаржы ұйымы арқылы құны 8,0 млн теңгенің «Мүйізді ірі қара малын көбейтудің» 2 жобасы қаржыландырылды. Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының грант тетігі арқылы құны 5,520 мың теңгенің 4 жобасы (Бал арасы, Пельмен өндірісі, Жылқы басын көбейту жобалары мақұлданып қаржыландырылды. Жастарға арналған 2,5 пайыздық 5,0 млн несиеге 7 адам құжат тапсырып, құны 34,2 млн теңгенің 7 жобасы қаржыландырылды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша берілетін 2,5 пайыздық несиеге «Бәйтерек» ауылшаруашылық өндірістік коперативі өтініш білдіріп 27,6 млн теңгеге қаржы алып, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, Бір ауыл бір өнім жобасының жеғімпаза Альжанова Марияш«Жүннен жасалатын бұйымдар дайындау» цехын ашып 6 адамды жұмыспен қамтуда.
– Айдарлы ауылында қолға алынған тың бастамаларды айта кетсеңіз.
– «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 3 тұрғын үй құрылысы жүргізіліп 3 көпбалалы отбасына пайдалануға берілді. Айдарлы ауылдық округіндегі Қаныш Сатбаев, Досымбетұлы Жармахан, Айтбай Жиренов көшелерін асфальтталды. Досбол датқа көшесін жағалай 1,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып пайдалануға берілді. Елді мекендегі тозығы жеткен электр желілері мен электр бағаналарын ауыстыру жұмыстарына Республикалық бюджеттен 327 млн 736 мың теңге бөлініп «УниверсалСтройСервис» ЖШС арқылы тиісті жұмыстар толық аяқталды. Нәтижесімен ауыл көшелері толықтай 100 пайыз түнгі жарықпен қамтамасыз етілген. Қызылорда-Айдарлы автожолын толықтай асфальттау жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық бюджеттен 1млрд 366млн теңге бөлініп мердігер мекеме УАД ЖШС тиісті жұмыстарын жүргізді. Елді-мекендегі тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын орынды (полигон) қоршау жұмыстары бойынша 3 339,0 мың теңгеге мердігер мекемемен келісім шарт жасалып қоршау толық аяқталып пайдалануға берілді. Елді-мекенді тұрақты аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында Облводхоз арқылы «Ақтам» каналының сағасының 500 метр жері қайырдан тазартылды. Жаз айларында ауыл ішіне тұрақты аяқ су берілуде. «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мекемелер ұжымдары, қоғамдық жұмыс мүшелері және ауыл тұрғындарымен апта сайын сенбіліктер ұйымдастырып, тазалық жұмыстарын жүргізуде.
Ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен ауыл ішін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында Уалихан мен Тораңғылды каналдарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесімен ауыл іші толықтай аяқ сумен қамтамасыз етілетін болады. Нұртаза, Қ.Сатбаев көшелерінің аяғы мен Шамах көшесіне жол құрылысы (асфальттау) жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.
– Демеушілік есебінен жасалған жұмыстар баршылық шығар...
– Айдарлы ауылында 1979 бен 2000 жыл аралығындағы дүниеге келген ауыл азаматтарының демеушілігімен құны 7,0млн теңгеге ауылға кіре беріс қақпа тұрғызылды. Құны 1,0 млн теңгеге 1 тұрмысы төмен көп балалы отбасына Баспана алып берілді және құны 1,0 млн теңгеге Сәдуақас молда мешіті ауласына 150 орындық ас құдайы беруге арналған шатыр салынды. Ауыл жастарының демеушілігімен 1,0 млн теңгеге екі отбасы үйінің шатыры жабылды. Ауыл жастарының демеушілігімен 500 мың теңгеге мешіт ауласы алма ағашын отырғызу үшін темір қоршаумен қоршаланды және дәретхана салынып берілді. 1985 жылғы туылған ауыл азаматтарының демеушілігімен 1,0 млн теңгеге ауылдағы бір отбасының шатыры жаңартылып, бір отбасының ауласы темір қоршаумен қораланды. 1980 жылғы туылған ауыл азаматтарының демеушілігімен 500 мың теңгеге ауылдағы бір отбасының ауласы темір қоршаумен қораланды және мешіт ауласына 100 түп алма ағашы егілді. Шанжархан ата ұрпақтарының демеушілігімен 2,0 млн теңгеге «Шанжархан ата» саябағы абаттандырылды. Көркейту көгалдандыру мақсатында демеушік есебінен құны 500 мың теңгеге диаметрі 100мм болатын 4 дана жер асты ұңғымасы қазылып 700 түп ағаш көшеттері отырғызылды. 1964 жылы туылған ауыл азаматтарының демеушілігімен құны 500 мың теңгеге ауыл орталығына лед экран орнатып берді. Ауыл жастарының ауызбірлігі арқасында ораза айында мешіт асханасында ауызашар беріліп құран бағыштатып, түрлі спорттық сайыстар өткізеді. Ауыл жастарының ұсынысымен ауыл дүкендерінде ішімдік сатылмайды. Ауыл кәсіпкерінің қолдауымен ескі балабақша ғимараты қайта жөндеуден өткізіліп спорт мектебі ашылды. Қазіргі уақытта 70 бала спорттың еркін күрес, шахмат, теннис түрлерінен жаттығуда.Ауыл тұрғындарының демеушілігімен ардагерлер аллеясы ашылып тал егу жұмыстары жүргізілді.
Сұхбаттасқан: Балтабай ОРДАБЕКОВ