Kyzylorda-news.kz. Агроөнеркәсіп кешен субъектілерін мемлекеттік, салалық, өңірлік бағдарламаларға сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру қажет. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 заңында ауыл шараушылығы салаларына несиелендіру, субсидиялау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін өндіру. Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шарушылығы өнімдерін тереңдете өңдеп, өнім өндіру үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қарастырылған. Бұл мемлекеттік қолдауға жергілікті шаруашылықтар да ие болып жатыр ма, жалпы агроөнеркәсіптік кешенді дамтыу бойынша ауданда нендей жобалар қолға алынуда, осы және өзге де сауалдарға жауап алу үшін аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатовпен сұхбаттасқан едік...
– Әліби Қодарұлы, жалпы Жалағаш ауданы бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жайы мен оны қолдау шаралары туралы айтып өтсеңіз, өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шарушылығы өнімдерін тереңдете өңдеп, өнім өндіру үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қарастырылған. Бұл қолдауға жергілікті шаруашылықтар да ие болып жатыр ма?
– 2022 жылы ауданның шаруашылық құрылымдары 871,4 млн субсидия алды. Оның ішінде егін шаруашылығы саласы бойынша – 788,9 млн теңге, мал шараушылығы саласы бойынша – 82,5 млн теңге. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №960 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының ауданда іске асырылу барысы қалай?
– Ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша 331 шаруашылық жұмыс жасауда. Оның ішінде егін саласы бойынша 195 шаруашылық, мал шаруашылығы саласында 136 шаруашылық бар. Жалағаш ауданы бойынша 2023 жылы орналастырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес 37 052 гектарға егiн орналастыру жоспарланған. Оның ішінде негізгі дақыл күріш – 19800 гектар, бидай – 750 гектар, қант құмайы – 70 гектар, арпа – 70 гектар, соя – 35 гектар, мақсары – 520 гектар, сүрлемдік жүгері – 700 гектар, сұлы – 5 гектар, қант қызылшасы – 2 гектар, жаңа жоңышқа – 4850 гектар, ескі жоңышқа – 7200 гектар, картоп – 646 гектар, көкөніс – 1108 гектар және бақша өнімдері – 1296 гектар.Қазіргі таңда жоспарланған 520 гектар мақсары, 750 гектар жаздық бидай, 70 гектар қант құмайы, 70 гектар арпа, 5 гектар сұлы, 4850 гектар жаңа жоңышқа дақылдары толық орналастырылып, 7200 гектар ескі жоңышқа тырмаланды. 35 гектар соя дақылын орналастыру жоспарланып, нақты 64 гектар орналастырылды. Яғни меже 182,9 пайызға орындалды. Сондай-ақ, 2023 жылдың 3 маусымына жоспарланған 19 800 гектар күріш дақылына толық тұқым себіліп, 18 076 гектары суға бастырылған. Яғни себілген күріштің 91,3 пайызы суға бастырылып отыр.
– Мал шаруашылығы саласының даму қарқыны қалай, жалпы төрт түлік санында өсім қалыптасты ма?
– Аудан көлемінде барлығы 40 186 бас мүйізді ірі қара, 53 538 бас уақ мал, 24 864 жылқы, 862 бас түйе, 67 бас шошқа, 10 133 бас құс өсірілуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 106,4 пайызға, жылқы 129,5 пайызға, түйе 112, пайызға, уақ мал 110,2 пайызға, құс 103,9 пайызға артты.
– Жалпы ауданда қанша шаруашылық мал шаруашылығымен айналысады?
– Аудан бойынша 136 шаруашылық мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде тікелей сыбаға бағдарламасымен 116 шаруашылық айналысады. Аудан көлеміндегі асыл тұқымды малдың үлес салмағы 2,2 пайызға жетті. Жалағаш ауданында 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара («Бақдаулет-57» ШҚ, «Адал» ЖК, «Боранбай» ШҚ, «Еркебұлан» ЖК), 3 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен («Бақдаулет 57», «Туған жер» ШҚ, «Атамекен» ШҚ) айналысуда. Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 2022 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы «Жандос» ШҚ-дан қосымша 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен сатып алып, жұмыс жасауда.2023 жылы Аққұм ауылдық округінен «Бақдаулет-57» ШҚ сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында Чехия мемлекетінен асыл тұқымды сиырлар әкелуді жоспарлап отыр. «АгроЛидер Таң» ЖШС жанынан мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу цехы жұмыс жасауда. Цехта тәулігіне 0,5 тонна ет өңделіп, 15 түрлі өнім дайындалып, облыс көлеміндегі сауда орындарына өткізіледі. Кәсіпорын қазіргі таңда 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.
– Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж мәселелерін қалыптастыру және іске асыру барысы қалай?
– Ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санаты 311 603 гектарды құрайды. Оның ішінде 32 912 гектарды құрайтын инженерлік тұрғыда әзірленген ауыспалы егіс жүйелерінің саны – 62. Оның ішінде 60 күріш ауыспалы егіс жүйесі, көлемі 32 142 гектар, 1 мал азығындық ауыспалы егіс жүйесі, көлемі 146 гектар және 1 картоп ауыспалы егіс жүйесі, көлемі 256 гектар.
2011 жылдан бастап «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңі (ИДЖЖЖ-2) қолға алынды. Жобаның негізгі мақсатында аудан көлеміндегі инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерлердегі ирригация және дренаж жүйелерін, яғни осы жерлерде орналасқан ішкі шаруашылық каналдарын, суды тарату каналдарын, атыздарға су беретін арықтарды, қашыртқыларды, ыза су ағатын арықтарды және су құрылыстарын республикалық меншікке алып, республикалық бюджет есебінен тазалау, жөндеу, күтіп ұстау қаралған.Бұл жоба республика бойынша 4 облысты, атап айтқанда, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарын ғана қамтиды. Ал облыс бойынша тек Жалағаш ауданы, оның ішінде Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң және Мәдениет ауылдық округтерінде орналасқан инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерлер енгізілген. Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңіне (ИДЖЖЖ-2) аудан бойынша жалпы көлемі 15 123 гектарды құрайтын инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерлер енгізілді. Атап айтқанда, Аққұм ауылдық округінен 3 555 гектар, Бұқарбай батыр ауылдық округінен 5 451 гектар, Таң ауылдық округінен 3094 гектар және Мәдениет ауылдық округінен 3023 гектар жер енгізілді.Аққұм, Бұқарбай батыр, Мәдениет және Таң ауылдық округтеріндегі «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңіне енген 28 ауыспалы егіс жүйесінде 107 құрылым егін шаруашылығымен айналысуда. «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңі бойынша негізгі атқарылатын жұмыстарға келсем, Механикалық тазаланатын каналдардың ұзындыңы – 829,7 шақырым, бас су құрылыстарының құрылысы – 810 дана, су тоспа құрылысы – 312 дана, өткелдер құрылысы – 59 дана, чектік имараттар – 12 495 дана, коммерциялық гидропосттар құрылысы – 42 дана, механикалық тазартылатын қашыртқылар ұзындығы – 924,3 шақырым, қашыртқылар мен карталық су тастау шекті құрылыстарын салу – 796 дана, канал асты құбырларды салу, жөндеу – 7 дана, бақылау скважиналарын бұрғылау – 151 дана, көпір жөндеу – 1 дана және насос станция құрылысы – 1 дана. Жұмысты орындаушы бас мердігер – «Мелиоратор-Казахдорстрой-Ақсу» консорциумы. Келісім-шарт құны – 9 377 001 544 теңге. Жобаның басталу мерзімі – 01.06.2019 жыл. 2019 жылы 816,9 млн теңгенің, 2020 жылы 2,227 млрд теңгенің, 2021 жылы 1,747 млрд теңгенің, 2022 жылы 2,302 млрд тенгенің, 2023 жылдан бүгінгі күнге дейін 936,92 млн тенгенің құрылыс жұмыстары орындалды. Барлық игерілгені – 8,030 млрд тенге (85,6%). Келісім-шарт бойынша қалғаны – 1,347 млрд тенге (14,4%).
– Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру бағытында суды аз қажет ететін экономикалық тиімділігі жоғары дақылдардың көлемін арттыру жұмыстары жүріп жатыр ма?
– Ауданда әртараптандыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Су тапшылығы жағдайында аудан шаруашылықтары мал азықтық дақылдардың көлемін арттырып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда дәндік жүгері 255 гектар, бидай 30 гектарға, арпа 28 гектарға арттырылды. Сондай-ақ, аудан шаруашылық құрылымдары 94 гектар жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдары орналастыру жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде, картоп 36,5 гектар, көкөніс 7,5 гектар, бақша 50 гектар. Қазіргі таңда «Ер-Әлі» шаруа қожалығы Оңтүстік коллектор бойынан 7,5 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен «Гала» және «Джувел» сортты картоп дақылын орналастырған. Орналастырылған бақша дақылдарына келсем, Мақпалкөл ауылы «Ер-Әлі» ШҚ 10 гектар (7,5 га картоп, 2,5 га көкөніс), Бұхарбай батыр ауылы «Байтабын» ЖШС 12 гектар (8 га картоп, 4 га бақша), Таң ауылы «Бірлік» ШҚ 10 гектар (2 га картоп, 1 га көкөніс, 7 га бақша), «Манақ баба» ШҚ 12 гектар (4 га картоп, 8 га бақша), Мәдениет ауылы «Сыр толқыны» ШҚ 14 гектар (2 га картоп, 2 га көкөніс, 10 га бақша), Ақсу ауылы «AB AGRO» ЖШС 5 гектар (1 га картоп, 1 га көкөніс, 3 га бақша), Аламесек ауылы «Көктөбе» ШҚ 5 гектар (1 га картоп, 1 га көкөніс, 3 га бақша), «Садуов Б» ШҚ 25 гектар (10 га картоп, 15 га бақша), «Садуақас» ӨК 1 гектар картоп екті.
– Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуы қалай, жалпы жергілікті шаруашылықтар жерді мақсатты игеріп жатыр ма? Бұл тұрғыда олқылыққа жол берілсе, қандай жаза қолданылады?
– Жалағаш ауданының жер қоры 2 873 640 гектарды құрайды, оның ішінде 591 563 гектары Қарағанды облысынан ұзақмерзімді пайдалануға алынған. Бұдан басқа Жалағаш аумағының 11 149 гектар жері Ресей Федерациясына пайдалануға берілген. Санаттары бойынша тоқталсам, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 284752 гектар, елді мекен жерлері – 42760 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері – 15854 гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 4 гектар, орман қоры жерлері – 769 482 гектар, су қоры – 14902 гектар және босалқы жерлер – 1 745 884 гектарды құрайды. Ауданда жерді пайдаланушылардың саны – 500, оның ішінде 456-сы – шаруа қожалық, 25-і – жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 14-і – басқа да кәсіпорындар, 3-еуі – өндірістік кооперативі және 2-еуі – мемлекеттік заңды тұлғалар. Аудан бойынша 33016 гектарды құрайтын жалпы саны 60 инженерлік тұрғыда әзірленген күріш ауыспалы егіс жүйесі, 1 мал азығындық және 1 картоп ауыспалы егіс жүйелері бар. 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін аудан бойынша жалпы көлемі 227 781 гектарды құрайтын 645 жайылымдық жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға табысталған. 2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 227 781 гектар жайылымдық жер учаскелерінің 192065 гектарына ауыл шаруашылық жануарларын тіркеу жұмыстары жүргізіліп, мақсатына сай пайдалануда. Нәтижесінде мақсаты бойынша пайдаланбау 15,6 пайызға азайған.Бүгінгі таңға мал басы тіркелмей немесе мал басының 20 пайызға жетпей тұрған жер учаскелерінің көлемі 35717 гектарды құраса, оның ішінде 12977 гектары жеке азаматтардардың үлестеріндегі жерлер болып табылады. 2022 жылы нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған 9075 гектар болатын 19 жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар, Жалағаш ауданы бойынша «ҚазҒарышСапары» платформасында 90 жер учаскесі мақсатына сай пайдаланбады деп анықталған. Оның 13-і – егістік, 77-сі – жайылымдықтар жер учаскелері. Талдау жұмыстар жүргізу барысында 2 егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілгендігі және 77 жайылымдық жердің 52-сіне мал басы тіркеліп, пайдаланылып тұрғандығы анықталды. Қалған 36 жер учаскесіне Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментімен тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, нұсқаулар берілді.Жалағаш ауданы бойынша 2023 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мақсаты бойынша пайдаланбаған (игермеген) тұлғалардан 33000 гектар жер учаскелерін қайтару жоспары бекітілді. 2023 жылдың 1 мамырына 6 тұлғадан 10 464 гектер жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 2012 гектар болатын 16 жер телімін қайтаруға байланысты құжаттар дайындалуда. Сонымен қатар нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған 14 628 гектарды құрайтын 27 жер учаскелеріне тиісті шаралар қабылдау үшін Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.
– Мал шаруашылығын қолға алғандарды және қорасында мал ұстаған қарапайым халықты жайылымдық жермен қамтамасыз ету үшін қандай шараларды қолға алып жатырсыздар?
– Аудан аумағында жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету үшін ауылдық округтер аумағындағы жайылым мен шабындық жерлерді 10 шақырым аумақта тұрғындардың жайылым ретінде пайдалануға жағдай жасау қажет. 2022 жылы мемлекетке қайтарылған 9075 гектар жерден 1230 гектар жалпыға ортақ жайылым болып қалдырылады.Жетіспейтін жайылымдық жерлерді қамтамасыз ету мақсатында малдарды Қарақұм, Қызылқұм мал жайылымына шығару қажет. Маусымдық мал жайылымы үшін Қарақұм мал жайылымында 591 563 гектар, Қызылқұм мал жайылымында 648 953 гектар және Жаңадария бойында 752 789 гектар жайылымдық жерлер бар.1 қазан мен 30 наурыз аралығында елді мекен аумағындағы босаған егіс алқаптарын жаюды ұйымдастыру керек. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен бекітілген 5500 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымына енгізу қажет. Ол үшін бірінші кезекте 2019-2022 жылдары аралығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы қайтарылған жерлерді қайта ұсынылатын болады.
Жылдар Қайтарылған жерлер
Қайта табысталған жерлер
саны көлемі, га саны көлемі, га
2019 12 7509,35 7 1063
2020 6 876 3 356
2021 10 41117 5 874
2022 22 9075 2 582,6
50 58577,35 17 2875,6
– Ауданда ірі өңдеу кәсіпорындары мен кіші өңдеу цехтарын дамыту жайы қалай?
– Ауданда 8 күріш ақтау зауыты жұмыс жасауда. Атап айтқанда, олардың қатарында «АгроХолдинг Қызылорда» ЖШС, «Бағдаулет» ШҚ, «Қарабура Ата» ШҚ, «Исаханов» ШҚ, ЖК «Айсұлтан», «Сыздық» ШҚ, «Нұр» ШҚ бар.2019 жылы Таң ауылынан «АгроЛидер Таң» ЖШС жанынан ет өңдеу цехы іске қосылды. Құны – 111 млн тенге. Цехта тәулігіне 0,5 тонна ет өңделіп, 15 түрлі өнім дайындалып, облыс көлеміндегі сауда орындарына өткізіледі.2020 жылы Жалағаш кентінен тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстар шығаратын зауыт іске қосылды. Құны – 400 млн тенге. Зауыт аудан шаруашылықтарына егінге қажетті тыңайтқыштарды тиімді бағада ұсынып отыр. Аммоний сулфатының 1 келісі – 130 теңге.
– Аудандағы ауыл шаруашылығы техникаларының жай-күйі қалай?
– 2023 жылдың 1 маусымына аудандағы шаруашылық құрылымдарында 1 728 дана ауыл шаруашылығы техникалары қолда бар. Оның ішінде 506 трактор, 165 трактор тіркемесі, 271 комбайн, 120 жатка, 115 соқа, 60 пресс-подборщик, 35 астық тазалағыш, 52 тыңайтқыш шашқыш, 404 дана басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар. Биылғы жылғы көктемгі егісті орналастыру жұмыстарына аудан бойынша 887 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда. Аудан шаруашылықтары ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстарын басты назарда ұстауда. Атап айтқанда, 2020 жылы 1 млрд теңгеге 35 дана, 2021 жылы 1,5 млрд теңгеге 43 дана, 2022 жылы 713,8 млн теңгеге 48 дана, 2023 жылы 168 млн теңгеге 11 дана ауыл шаруашылығы техникалырын сатып алды.
– Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруда нендей жобаларды қолға алдыңыздар? Жоғары сыныпты асыл тұқымды мал басын көбейту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Аудан көлемінде барлығы 40 186 бас мүйізді ірі қара, 53 538 бас уақ мал, 24 864 жылқы, 862 бас түйе, 67 бас шошқа, 10133 бас құс өсірілуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 106,4 %, жылқы 129,5 %, түйе 112,0 %, уақ мал 110,2% , құс 103,9% артқан . 2023 жылдың 1 мамырына барлығы 10058,1 тонна (тірілей салмақта) ет, 2589,1 тонна сүт, 73,3 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 100,2 пайызға, сүт 101,7 пайызға, жұмыртқа 100,8 пайызға орындалды. Бір сиырдан сауылған сүт өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға артты. Аудан бойынша 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Боранбай ШҚ, Еркебұлан ЖК), 3 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Бақдаулет 57, Туған жер ШҚ, Атамекен ШҚ) айналысуда. 2023 жылы Аққұм ауылдық округінен Бақдаулет-57 ШҚ сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында Чехия мемлекетінен асыл тұқымды сиырлар әкелуді жоспарлап отыр. «Бақдаулет-57» ФҚ типтік жобадағы МІҚ мал қорасы бар. Осы қораны сүт бағытындағы аналық малдарды ұстауға реконструкция жасауда. Жыл аяғына дейін Чехия мемлекетінен 96 бас МІҚ аналығын әкелу жоспарланды. «Адал» ЖК 2022 жылы Қарағанды облысынан 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын сатып алып жұмыс жасауда. 2026 жылы сүт тауарлы фермасын ашып сүт өндіруді жоспарлады.
– Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін арттыру бағытында қандай шаралар қабылданды?
– Ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында шаруашылық құрылымдарына бірқатар көмек көрсетілуде. Егін шаруашылығы саласында егінге пайдаланған тұқымға, суға, минералдық тыңайтқыштарға, гербицидке ауыл шаруашылығы техникаларына қолдау (субсидия) білдіріп, шаруашылықтардың экономикалық жағдайы артып келеді. Егін саласынан алынған өнім де жоғарылап келеді. Ауыл шарушылығы техникаларын лизингке алу арқылы шаруашылықтар техника паркін жаңалап алды. Сонымен қатар, ауданымызда мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. Мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларымен жеңілдетілген несиелер алып, шаруашылық құрылымдары бүгінгі күні жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні ауданда 40 186 бас мүйізді ірі қара, 53 538 бас уақ мал, 24 864 жылқы, 862 бас түйе, 10 133 бас үй құстары бар. Қазіргі таңда ауданда мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар саны 116 болса, оның ішінде 88-і мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен айналысуда. Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында ауданда асыл тұқымды мал басының үлесін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде аудан көлеміндегі асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының үлес салмағы 2 пайызға, жылқы 0,16 пайызға, қой 24 пайызға жетті. 2012 жылдың 1 қаңтарымен 2023 жылдың 1 қаңтар аралығын салыстырғанда мүйізді ірі қара 12 854 басқа немесе 152,1 пайызға, қой 674 басқа немесе 102,4 пайызға, жылқы 17 372 басқа немесе 325 пайызға, түйе 458 басқа немесе 216,5 пайызға өскен.
– Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының ауданда орындалу барысы қалай?
– Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы №1318 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бөлінісіндегі жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбелерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінде Жалағаш ауданы бойынша жалпы көлемі 1520 гектарды құрайтын 23 су айдыны бар. Олар:
р/с Көлдің атауы Көлемі, га Орналасқан ауылдық округі
1 Балтажарған 40 Ақсу
2 Бақаш-Маман 25 Шаменов
3 Бәйбіше 80 Шаменов
4 Бегім 16 Қаракеткен
5 Бесмола 30 Жаңаталап
6 Жетіарал 25 Ақсу
7 Иіркөл 11 Жалағаш
8 Иіркөл 20 Шаменов
9 Қаншиелі 25 Бұхарбай батыр
10 Қаракөл 28 Мәдениет
11 Қаракөл 15 Қаракеткен
12 Қарасу 17 Таң
13 Құмбөгет-Ызакөл 30 Жаңадария
14 Құмшөңкөл 8 Жаңадария
15 Құртшеңгел 20 Аққыр
16 Майкөл 80 Қаракеткен
17 Мақпалкөл 15 Мақпалкөл
18 Серкеш 25 Ақсу
19 Шағала 30 Аққыр
20 Шынар 45 Шаменов
21 Жаңадария №3 учаскесі 460 Жаңадария
22 Жаңадария №4 учаскесі 115 Жаңадария
23 Жаңадария №5 учаскесі 360 Жаңадария
«Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №171 қаулысына сәйкес, «Қаракөл», «Қарасу», «Ирколь» көлдеріне мелиоративтік жұмыстар жүргізуге (гидротехникалық құрылғылардың құрылысы) ақау актісін (дефектный акт) су айдындары иелерімен зерттеліп актіленді. 3 су айдынына (Қаракөл, Қарасу, Иіркөл) Қызылорда электр тарату тораптары компаниясынан техникалық шарты, «ПРОИНСЕТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен жобалау-іздестіру жұмыстарының құны алынып, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына ұсынылды. Басқарма арқылы жобалық-сметалық құжаттары рәсімделуде.
– Егіс орналастыруда ауылдық округтердегі инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротациялау) схемасының сақталу барысы қалай?
– Аудан шаруашылықтары егін орналастыру жұмыстарын 2018 жылғы 18 маусымдағы «Жалағаш ауданының ауылдық округтердегі инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротациялау) схемасын бекіту туралы» №120 қаулысына сәйкес ауданда егін орналастыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Көктемгі егін орналастыру жұмыстарына дейін шаруашылық басшыларына инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру схемасына сәйкес егіс орналастыру қажет екендігі ескертілді.Қазіргі таңда суармалы жерде дақылдарды кезектестіру схемасына сәйкес шаруашылықтардың орналастырған дақылдарына зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған сәйкес, Бұқарбай батыр ауылдық округінен «Мұқан» ШҚ, «Үміт» ФҚ, «Нұр-Әділ» ШҚ, «Сырлыбай Ата» ФҚ, «Ұзақ» ШҚ, Мырзабай Ахун ауылдық округінен «Керейт» ШҚ, «Bal Diqan» ЖШС, Мәдениет ауылдық округінен «Жер Ана» ШҚ, «Бірлік К» шаруа қожалықтары облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне ұсынылды.
– Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында жаңа техникалар мен технологияларды, халықаралық сапа стандарттарын енгізіліп жатыр ма?
– «Құрманбай Ата» шаруа қожалығы 2018 жылы өз қаражаты есебінен жоба құны 32 млн теңгені құрайтын 6 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен «Голден Делишес» сортынан 5000 түп, «Джонатан» сортынан 5000 түп, «Ренет Семиренко» сортынан 2650 түп алма отырғызып, күтімге алды. Қазіргі таңда алмабақтан жылына 15-20 тонна алма өнімін алып, облыс көлемінде тұтынушыларға сатылуда. Сонымен қатар, 2022 жылы әртараптандыру бағытында 24 гектар тамшылатып суару әдісімен картоп, 2,5 га (1 га тамшылатып суару әдісімен) қант қызылшасы, 5 гектар тамшылатып суару әдісімен сәбіз дақылдарын орналастырды. Жоғары өнімге қол жеткізіп, аудан тұрғындарына өнімдерін тиімді бағада ұсынды. Сондай-ақ, аудан шаруашылықтары азық-түлік өнімдерін қамтамасыз ету мақсатында 94 гектар жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдары орналастыру жұмыстарын жүргізуде.
– Төрт түлікті мал азығымен қамтамасыз етуде нендей шараларды қолға алып жатырсыздар?
– 2023-2024 жылдың қысына түсетін 58,9 мың шартты мал басына барлығы 84 мың тонна шөп, (оның ішінде 40,6 мың тоннасы жонышқа шөбі) 29,3 мың тонна сабан және 19,1 мың тонна жем дайындау жоспарланды. Қара шөп аудан көлеміндегі егістік алқаптарының атыздарынан дайындалса, жоңышқа аудан бойынша егілген 4 850 гектар жаңа, 7 200 гектар ескі жонышқалықтардан дайындалады.Аудан бойынша егілген күріш, бидай, арпа дақылдарынан 14,850 мың тонна жем дайындалады деп жоспарланды. Қалған 4,25 мың тонна жем «АгроХолдинг Қызылорда» ЖШС, «Бағлан», «Құлмаханов», «Сыр жемі» жеке кәсіпкерліктері арқылы сырттан тасымалданады.
– Шаруашылық құрылымдарының ауыл шаруашылық дақылдарының тұқыммен қамтамасыз етілуі қалай? Тұқым шаруашылығын дамыту қай деңгейде жүріп жатыр?
– Шаруашылықтар тарапынан 2023 жылғы егін орналастыруға қажетті 4950 тонна күріш, 120 тонна бидай, 0,6 тонна сұлы, 13 тонна мақсары, 12 тонна арпа, 4 тонна соя, 1 тонна қант құмайы, 15 тонна жүгері, 44 тонна жоңышқа тұқымдарын дайындап, жоспарланған егіс көлемдерін уақытылы орналастырды. Аудандағы «Ер-Әлі» ШҚ мен «Таң ЛТД» ЖШС тұқым шаруашылықтарын ашып, аудан шаруашылықтарын күріш дақылының тұқымымен қамтамасыз етуде.
– Минералдық тыңайтқыштар, гербицидтер, фунгицидтерді пайдалануда шаруашылықтар тапшылыққа кезігіп жатқан жоқ па?
– Аудан шаруашылықтары 2023 жылғы егінді күтіп баптауға 10 810 тонна минералдық тыңайтқыштарды дайындап, егінге пайдалануда. Оның ішінде 5400 тонна аммоний сулфаты, 2460 тонна карбамид, 2700 тонна аммофос, 250 тонна аммиак селитрасы бар. Сондай-ақ, 24060 литр гербицидті алып, егінді арамшөптерден қорғау мақсатында пайдалануда.
– Аудан халқын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Аудан халқын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бастап 3 рет кент орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Ақниет-2» көтерме сауда дүкені «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен меморандумға отырып, «Ақниет-2» көтерме сауда дүкені ішінен әлеуметтік бұрыш ашылды. Қазіргі таңда әлеуметтік бұрышта күріш 175 теңге, ұн 180 теңге, қарақұмық жармасы 400 теңге, рожки 275 теңге, жұмыртқа 35 теңге, күнбағыс майы 580 теңге, қант 425 теңге, тұз 40 теңгеден сатылуда. Сондай-ақ, «Ер-Әлі» шаруа қожалығы кент орталығында аптасына 2 рет картоп (1 кг 120 тг) және сәбіз (1 кг 125 тг) өнімдерін аудан тұрғындарына тиімді бағада ұсынды.
– Аудан бойынша азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйі қалай? Азық-түлік бағаларына жүргізілген мониторинг қорытындысына тоқталсаңыз...
– Ауданда азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізіліп келеді. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің 4 түрі қымбаттаған (ақ күріш 50 теңгеге, сиыр еті 100 теңгеге, қырыққабат 55 теңгеге, сәбіз 80 теңгеге). 12 өнімнің бағасы арзандады (қарақұмық жармасы 50 теңгеге, нан 4 теңгеге, рожки 15 теңгеге, тауық еті 175 теңгеге, сүт 128 теңгеге, айран 10 теңгеге, жұмыртқа 180 теңгеге, сары май 50 теңгеге, күнбағыс майы 283 теңгеге, пияз 10 теңгеге, картоп 10 теңгеге, қант 35 теңгеге). 3 өнімнің бағасы тұрақты (ұн, ірімшік, тұз). Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында ауданда өндірілетін және сырттан келетін 565 тонна азық-түлік өнімдерінің қоры бар. Оның ішінде ұн – 120 тонна, күріш – 50 тонна, қант – 67 тонна, макарон – 105 тонна, күнбағыс майы – 50 тонна, тұз – 37 тонна, жуа – 34 тонна, картоп – 41 тонна, сәбіз – 16 тонна және т.б. Сонымен қатар, «Ақниет-2» көтерме сауда дүкені әлеуметтік бұрыш ашу жөнінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен меморандумға отырды. Қазіргі таңда әлеуметтік бұрышта күріш 175 теңгеден, ұн 180 теңгеден, қарақұмық жармасы 400 теңгеден, рожки 275 теңгеден, жұмыртқа 35 теңгеден, күнбағыс майы 580 теңгеден, қант 425 теңгеден, тұз 40 теңгеден сатылуда.
– Сұхбатыңызға рахмет!