Kyzylorda-news.kz. Қаржылық сауаттылық – сенімді, қауіпсіз болашақтың кепілі. Елімізде соңғы жылдары сұранысқа ие бола түскен «өмірді сақтандыру» қызметі соны дәлелдейді. Сақтандыру мен депозитке ақша жинаудың айырмасы неде? Бізге керек пе? Аталған қызметтің артықшылықтары жөнінде «Халық-Life» АҚ Қызылорда қаласы бойынша филиалының директоры Әлімхан Абдулпаттаевтан білген едік.

– Өмірді сақтандыру қызметі шетелде өте жақсы дамыған. Сақтандыру жүйесін депозитпен салыстырсақ болады. Алайда депозиттен артықшылығы не кемшілігі неде?

– Өмірді сақтандыру жүйесінің негізгі әлеуметтік функциясы клиент пен оның жақындарын шарттың кез келген мерзімінде күтпеген жағдайлардың салдарынан материалдық қорғау саналады. Мысалы, жазатайым оқиға орын алып, сырқаттанған адамның жұмыс істеуге жағдайы жетпеуі мүмкін. Бұл отбасы бюджетіне үлкен соққы болып тиеді. Әдетте төтенше жағдай орын алса, асыраушы қайтыс болған кезде, отбасы өте қиын қаржылық жағдайда болып жатады. Сақтандыруды депозит жүйесімен салыстыра отырып, басымдықтарына тоқталып кетсек. Басты артықшылығы, сақтандыру сомасы сақтандыру шарты аяқталған кезде төленеді немесе қолданылу кезінде сақтандыру шарттарында көзделген жағдайы басталғанда төленеді. Сондықтан ұзақ мерзімді жинақтау полисі адамның 10-20 жылдық болашағына инвестиция жасайды.

Компания жинақтары ұзақ мерзімді сақтауға есептелген. Мысалы, депозитті ұзақ мерзімді қаржы құралы ретінде қарастыруға болмайды, ал сақтандыру шарты 2 жылдан 30 жылға дейінгі мерзімге жасалады. Осы кезеңде адам тұрақты жарналар жасау арқылы тәртіпке келеді. Ол сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда клиент сатып алу сомасын алады, ол әдетте сақтандырудың алғашқы жылдарында төленген сақтандыру жарналарының сомасынан аз болады. Кепілдендірілген табыс, яғни, жинақталған қаражат инфляцияның ықпалынан қорғалған. Сақтандыру шартының талаптарына байланысты кепілдендірілген табыстылықтың мөлшері түрленеді. Сақтандыру шартының тұрақты талаптары, яғни, тариф пен тәуекелдер шарт жасалған кезде нақты айқындалады және оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейді.

Қауіпсіздік барда, сенім де бар. Өмірді жинақтаушы сақтандыру полисі бойынша төленетін барлық жарналарының ерекше мәртебесі бар. Уәкілетті органдарда сақтандыру шарт иесінің міндеттемелері бойынша тыйым салуға немесе сот арқылы өндіріп алуға мүмкіндігі жоқ, сондай-ақ ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде сақтандыру жарналары бөлінбейді.

Салық жеңілдігін алу мүмкіндігі шарттың мерзімі аяқталғанда сақтандыру төлемінен табыс салығы ұсталмайтынын білдіреді. Бұл сақтандырушы шартты өз пайдасына немесе жақын туыстарына, жұбайына арнаған жағдайда қолданылады. Бұдан басқа, полисті сатып алуға арналған шығындарға салық салынбайды. Ең бастысы – қауіпсіз әрі ыңғайлы, реттелген қаржы жинау жүйесі. Бір ғана сақтандыру шартының көмегімен ақшаның жинақталуы, оның сақталуы және форс-мажор, оқыс оқиғалардан қорғалуы қамтамасыз етіледі.

– «Халық-Life» компаниясында қанша адам сақтандыру үшін жинақ ашты?

– Бүгінгі күні «Халық-Life» нарықта мінсіз көшбасшы дей аламыз. Ол өмірді сақтандыру компаниялары арасында сақтандыру төлемдерінің көлемі, сондай-ақ активтердің, резервтерінің мөлшері мен өз капиталы бойынша топ бастап тұр. Осы жылы да біз нарықтағы үлесімізді 36%-ға дейін арттыра отырып, сақтандыру сыйақыларының көлемі мен төлемдер көлемі бойынша абсолютті көшбасшы ретінде жабамыз деп сенімді түрде айта аламыз. Бізде ең үлкен клиенттік база бар.

Өткен жылдың соңында 1,4 миллионнан астам адамды құрады. 2023 жылы біз қазақстандық сақтандыру нарығында және жақын шетелдердің сақтандыру нарығында өз қатысуымызды одан әрі арттыруға ниеттіміз. Сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және өмірді жинақ арқылы сақтандыруды дамыту бойынша жұмыс істеуге ниеттіміз. Сонымен кез келген бизнес секілді біз үшін де дамудың маңызды бағыты ретінде цифрландыруды қолға алдық. Қазірдің өзінде компанияның кейбір сақтандыру өнімдерін Halyk Homebank қосымшасы арқылы немесе компанияның сайты арқылы онлайн сатып алуға болады. Келесі қадамда біз өз клиенттерімізге онлайн қолжетімді болатын сақтандыру өнімдерінің тізбесін кеңейтуді белгіледік, бұл ел халқын өмірді сақтандыру қызметтерімен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Заңнамаға сәйкес компанияның сақтандыру сомаларын жариялауға құқығы жоқ. Өткен жылы «Халық-Қазына» өнімі бойынша сақтандыру шартына отырған клиенттерімізге жасалған талдаудың нәтижесінде қызметімізге жүгінгендердің 49%-ін әйелдер, қалған 51%-ін ер адамдар құрап отыр. Алайда жарналардың мөлшеріне қарай ер адамдар әйелдерге қарағанда көбірек инвестиция құяды. Осылайша, әйелдер үшін сақтандыру жарнасының орташа мөлшері 20 млн теңгені көрсетсе, ерлер үшін – 44 млн теңгені құрап отыр. Компания қызметіне жүгінетіндердің көпшілігі орта жастағы, 40 жастан асқан қазақстандықтар екенін байқауға болады. Аталған дерек өмірді сақтандыру бағдарламаларына инвестиция салатын адамдар, әдетте, отбасының, балаларының және мұрагерлерінің болашағына алаңдайды деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Олар үшін өз жинақтарын барынша тиімді инвестициялау, оларды валюта бағамдарының ауытқу қаупінен қорғау және күтпеген оқиғалар болған жағдайда өз өмірін қаржылық қамтамасыз ету маңызды. Өйткені жинақ ашатындар өз өмірі мен жақындары үшін үлкен жауапкершілікке ие. Ал белсенділігі жағынан халық саны көп Алматы, Шымкент, Астана қалалары үздік үштікті құрайды.

– Мәселен, ҚР азаматы 10 жылға жеке өзінің болашағы үшін сақтандыру жинағын ашып, ақша жинай бастады делік. Алайда ажал айтып келмейді. Егер ол қайтыс болса, жинағына кім жауапты?

– Әрине, алдымызда не күтіп тұрғаны ешкімге аян емес. Алайда түрлі себеппен оқыс оқиғалар орын алса, оның ішінде жинақ ашқан адам қайтыс болған жағдайда сол сәтке дейін азаматтан салынған ақшаларды және пайыздарды мұрагерлерінің, ұрпағының бөліп алуына мүмкіндік бар. Бұл ретте сақтандыру төлемі шартта көрсетілген тұлғаға бірден жүзеге асырылады. Мұрагерлік құқығын ресімдеу талап етілмейді. Сонымен қатар өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламалардың сыйақылары тәркілеуден, мүліктік даулар кезінде үшінші тұлғалардың наразылығынан қорғалады.

Жинаққа тыйым салынбайды, жұбайлар арасында бөлінуге жатпайды. Осы ретте сіз бұл ақшаны жинақтап, белгілі мақсаттар үшін көбейте аласыз. Яғни, жинақтарыңызға салық салынбайды, сонымен қатар сіз салған қаражат мөлшері мен шарттың басқа талаптары туралы ресми ақпараттар ешқайда жарияланбайды.

– Қазіргі жас алдыңғы буынға қарағанда қаржылай сауатты. Сақтандыру үшін ақша жинақтау – соның дәлелі. Шетелдік тәжірибе бойынша бұл қалыпты дүние. Қоғамның бұл жүйеге көзқарасы қалай?

– Әрине, жоғарыда айтып кеткендей өмірді ерікті сақтандыру саласының дамуы көбінесе ел экономикасының жай-күйіне, оның даму деңгейіне, адамдардың әл-ауқаты мен сақтандыру мәдениетіне байланысты. Қазақстандықтар алдымен базалық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін қаржы жұмсайды. Олар: тамақтану, киім-кешек, тұрғын үй, автокөлік, медициналық қызметтер, білім беру және несиелер. Міне, осы қажеттіліктерін қамтамасыз ете алған адам ғана өмірді алдын ала сақтандыруға байланысты шығындарға назар аудара бастайды.

Өмірді сақтандырудың ұзақ мерзімді жинақтаушы шарттарын көбінде табысы ортадан жоғары қазақстандықтар жасайды. Компанияның «Халық –Қазына» бағдарламасы қаражатты валютада жинақтаумен қатар, оған 3,52 пайызы мөлшерінде кепілдендірілген инвестициялық табысты ұсынады. Сонымен қатар күніне 200 теңгелік жарнаны жасауға мүмкіндік беретін «Лайф – Персона» полисі бар. Ол бойынша шарт аяқталған соң жинақталған сома клиентке қайтарылады. Демек, біздің қызметтің түрлері түрлі санаттағы адамдарға арналған.

– Сұқбат үшін рақмет!

Тағы да оқыңыз: