Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Снежанна Бойко жасөспірімдер арасында өткен пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионатында топ жарып, алтыннан алқа тағынды.
Байрақты бәсекеде Снежанна 74 келілік зілтемірді көтеріп, Азия және әлем рекордын жаңартты. Сонымен қатар спортшы «Тотал» бағдарламасы бойынша да үздіктер көшін бастады.
Бұл жеңіс – қаршадай қыздың табандылығы мен еңбекқорлығының және университет қабырғасында спортты дамытуға жасалған қолдаудың айқын көрінісі.