Kyzylorda-news.kz Кеше сол жағалаудағы «Қайсар Арена» стадионында жергілікті «Қайсар» мен Ақтау қаласының «Каспий» футбол командалары арасында Қазақстан Премьер-лигасының 13-ші туры аясында кезекті матч өтті.

Жергілікті команда жеңіске жетті1.jpg

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов барып, жергілікті командаға қолдау білдірді.

Жергілікті команда жеңіске жетті3.jpg

Тартысты кездесудің алғашқы таймында «Қайсар» сапындағы Нұрдаулет Ағзамбаев пен Имо Эзикель қарсылас қақпасына гол соғып, команданы алға шығарды. Осылайша жергілікті команда 2:1 есебінде жеңіске жетті.

Жергілікті команда жеңіске жетті2.jpg

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі 

Тағы да оқыңыз: