Kyzylorda-news.kz. «Аслан» спорт орталығына қарасты «Қазақ күресі» және «Дзюдо» үйірмесінің мүшелері осы аптада жеңісті жолды жалғастырды. Апта сайын жүлделі орындардан көрінетін спортшыларымыз Қызылорда қаласының біріншілігінде жүлделі орындардан табылды.
Ең алдымен, қазақ күресінің шеберлері қос алтынды жеңіп алды. Бірінші тұғырдан көрінген спортшылар арасында 35 келі салмақ дәрежесінде Мырза Сүлеймен, 42 келі салмақ дәрежесінде Аслан Мирамбекұлы бар.
Ал дзюдодан өткізілген қалалық біріншілікте 13 спортшы жеңіске қол жеткізді. 2010-2017 жылы туылған балалар арасында 20 келі салмақта Дастан Нұрланов ІІ орын, Нұрислам Ақылбек ІІІ орын, 23 келі салмақта Нұралы Мирамбекұлы І орын, Бакдаулет Саятұлы ІІІ орын, 26 келі салмақта Дарын Қуанышұлы ІІ орын, 29 келі салмақта Нұрғиса Бекболат ІІІ орын, Рахман Дарханұлы І орын, 32 келі салмақта Әділет Қалдыбек, ІІ орын, 35 келі салмақта Арман Тұрғанбай І орын, Нұртілеу Сұлтанғазиев ІІ орын, 38 келі салмақта Қуат Болат І орын, Алихан Мұханбетов ІІ орын, 42 келі салмақта Бексан Жылқыбай І орын иеленді.
«Аслан» спорт орталығының спортшылары әр апта сайын жеңісімен қуантуда. Осы жолы қазақ күресі мен дзюдо бойынша палуандарымыз үздіктерін қатарынан көрінді. Шын мәнінде, орасан жетістікке қол жеткізіуіміз жас бапкер Аружан Темірғалидың арқасы. Табандылық пен ыждағаттылық арқасында спортшыларымыз толағай табысқа қол жеткізуде, – деді орталық құрылтайшысы Анар Қалдыбаева.
Жалпы есеп бойынша 5 алтын, 5 күміс, 3 қола жеңіп алған спортшыларымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!