Kyzylorda-news.kz.  Жақында  Қызылорда қаласында Arashi MMA-дан жекпе жектен II облыс чемпионаты өтті.

Жекпе жек бәсекесінде әр салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 

Жарыс нәтижесі бойынша жерлестеріміз 8-9 жас аралығында 26 кг салмақ дәрежесінде Арсен Бауыржан бірінші  орын, 34 кг салмақ дәрежесінде Шыңғыс Нұрбекұлы І орын , 45 кг жоғары  салмақ дәрежесінде Ерасыл Ергалиев І орын иеленген. Сондай-ақ, 10-11 жас аралығында 50 кг салмақ дәрежесінде Ерасыл Ерғалиев І орын алды. 12-13 жас аралығында 42 кг салмақ дәрежесінде Данияр Болатов өз қайсарлығын шыңдап ІІ орын. 14-15 жас аралығында  58 кг салмақ дәрежесінде  Жігер Жеңісбекұлы ІІ орын иеленген. 77 кг салмақ дәрежесінде  Мадияр Нұрғазы І орын. 16-17 жас аралығында 58 кг салмақ дәрежесінде Ерасыл Мұратов І орын, 62 кг салмақ дәрежесінде Мадияр Болатов  бұрынғыша  І орын алды. 18 жастан жоғары  аралығында 57 кг салмақ дәрежесінде Азамат Серікбаев І  орынды жеңіп алды.

«Бүгінгі таңда біздің ауданның жігіттері жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Біз болашақ әлем чемпиондарын дайындап жатырмыз. Аралас жекпе-жектің болашағы бар деп ойлаймын», - дейді Сырдария аудандық спорт клубының аралас жекпе-жек жаттықтырушысы Данияр Жүсіпбаев.

 

Тағы да оқыңыз: