Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі – жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру. Еліміздің жарқын  болашағы – жастар дейтін болсақ, олардың арасында салауатты өмір салтына деген дұрыс түсінік қалыптастырып, санасына, салауатты өмір салтын ұстанудың денсаулыққа аса маңызды және ұстанған адамның болашағы жарқын екендігін түсіндіру ортақ міндет.

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауларында жастар саясаты мен олардың қоғамдағы рөлі төңірегінде нақты тапсырмалар беріп, жастар болашақтың негізі екенін атап өткен болатын. Сол бойынша елімізде жастарға арналған көптеген  қоғамдық бірлестіктер мен орталықтар құрылып, қазіргі кезде сол еңбектердің жастар болашағына әсер етер маңызы зор екені дәлелденуде. Жаңа дәуірде елімізді сақтайтын, денсаулығы зор, интеллектісі жоғары ұрпақ тәрбиелеу мемлекет саясатының басты бағыты екенін ескерсек, осының бәрі жастарымызды салауатты өмір салтына тәрбиелеуден басталады. Жас ұрпақ өкілінің денсаулығына тұрмыстық жағдайлармен бірге бір-бірімен қарым-қатынасы да, мәдени деңгейі де, қоғамдық жұмыс пен оқудың әртүрлі салаларындағы белсенділігі де, яғни өмір салты неден тұрса, соның бәрі әсер етпек.

Салауатты өмір салты түсінігіне не кіреді деген сұраққа келер болсақ, айқын жасалған күн тәртібінің болуы, жеке бастың тазалығы, дұрыс тамақтану, тынығу, дене еңбегімен шұғылдану, таза ауада, күн көзінде серуендеу, табиғат аясында болу, зиянды әдеттерден сақтану. Сондай-ақ үнемі дұрыс қозғалыста болу, ұлттық  ерекшеліктерді ескеру, салт-дәстүрмен танысып, оны ұстана білу, қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа жауапкершілік алу, әрбір жастың өз денсаулығына жауаптылықпен қарауы жатады. Одан бөлек, ел , жер көру және саяхат жасау, тағы сондай жақсы әдеттер мен әдептерді жатқызуға болады. Қорыта айтқанда, салауатты өмір салты нормаларын ұстана отырып, кез келген адам жеке және қоғамдық құндылықты көрсететін өзінің денсаулығын сақтауға жауапты.

7 сәуір – Дүниежүзілік сенсаулық сақтау күні. Осы орайда Жосалы кентіндегі Ү.Көлдейұлы атындағы №183-орта мектептің 8-10 сынып оқушылары арасында «Біз спортпен біргеміз!» атты эстафеталық сайыс өткізілді. Мектеп директоры Г.Әшірова, педогог-психолог Г.Бүркітбаева, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Құндақбаев Ербол, Садақбаев Қуаныш қатысып, ойынның шарттарын түсіндіріп, ұйымдастырса, ЖДО және СӨСҚ мамандары Әмина Кетебаева, Дариха Құлмырзаевалар сайысқа қазылық жасап, жеңімпаздарды Қармақшы Жастар денсаулығы орталығының арнайы дипломдарымен марапаттады.

Сайыс барысында 8 сыныптан «Қыран» тобы, 9 сыныптан «Болашақ», «Аманат» топтары мен 10 сынып оқушыларынан құралған «Жас ұлан» командалары қатысып, қызу да тартысты ойын көрсетті. Барлық қатысушылар өте жоғары деңгейде белсенділік танытып, көпке үлгі болды. Жарыс қорытындысында І орын «Жас ұлан» тобы иеленсе, ІІ орынды «Аманат» пен «Қыран» тобы өзара бөліссе, жүлделі ІІІ орынға «Болашақ» тобы жайғасты.  

 

Тағы да оқыңыз: