Kyzylorda-news.kz Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Отан», «Парасат», «Құрмет», І дәрежелі «Барыс» ордендерінің және Ресей Федерациясының «Достық» орденінің иегері, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының Құрметті азаматы Сапарбаев Бердібек Машбекұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы үстел теннисінен республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Жарысқа Түркістан, Қызылорда облысынан және Шымкент қаласынан 15 команда, барлығы 182 спортшы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша төмендегі спортшылар жеңімпаз атанды.

2010 – 2012 жылы туған ұлдар арасында өткен жарыста түркістандық Ермаханұлы Абылайхан жеңімпаз атанды. II орын шымкенттік Хавазметов Бекзод, III орын Бакуов Азиз (Қызылорда қаласы) және Балымбек Бағдаулет бұйырды.

2010 – 2012 жылы туған қыздар арасындағы жарыста Шымкенттік Қосар Томирис жеңімпаз атанса, II орын Камилжанова Ойдын (Шымкент қаласы), III орын Әлжанова Хадиша (Қызылорда қаласы) мен Аязбаева Айаруға (Қармақшы ауданы) бұйырды.

2013 жылы туған ұлдар арасындағы жарыста қызылордалық Айдарбек Әлемби жеңімпаз атанса, II орынды Маратұлы Даниял (Қызылорда қаласы), III орынды Сейілбек Мейрамбек (Түркістан) және жаңақорғандық Шанжарханұлы Нұрдаулет жеңіп алды.

Ал 2013 жылы туған қыздар арасындағы жарыста жаңақорғандық Есенбек Гүлсезім жеңімпаз атанса, II орынды Құрбанбаева Гүлназ (Шымкент қаласы), III орынды Манаева Нұрай (Шымкент қаласы) және Әлжанова Аделя (Қызылорда қаласы) жүлдегер атанды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушілердің арнайы тағайындалған медаль, кубок және бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Фото: Жаңақорған ауданының әкімдігі

Тағы да оқыңыз: