Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешені облыстағы ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық-сауықтыру және дене шынықтыруды дамытуға арналған ең үздік спорт кешені. Аталмыш ғимарат № 4 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің теңгеріміне берілген. Мұнда 570 адамға арналған футзал, жаттығу залы, бокс және дзюдо залы, сонымен қатар жалпы ұзындығы - 25 метр, тереңдігі - 1,70 метр болатын бассейн қамтылған. Бұдан бөлек, жалға алу арқылы спорттың кейбір түрлері «Мұз айдыны» спорт кешенінде жүргізілуде.

Қазіргі таңда № 4 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 11 жаттықтырушы-оқытушы 402 спортшыны кәсіби түрде жаттықтыруда.

Атап айтқанда, бокста – 1 жаттықтырушы, 28 спортшы, дзюдода – 1 жаттықтырушы, 53 спортшы, мәнерлеп сырғанауда – 1 жаттықтырушы, 31 спортшы, шорт тректе – 2 жаттықтырушы, 46 спортшы, хоккейде – 2 жаттықтырушы, 46 спортшы, жүзуде – 4 жаттықтырушы, 168 спортшы бар.

Спорт мектебінің жемісті жұмысының нәтижесінде 2024 жылы ҚР чемпионаттарынан 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, жоғарыда аталған спорттық үйірмелер балалардың жас ерекшелігіне байланысты ақысыз түрде қабылдайды.

Нақтырақ айтқанда, бокс 10-12 жас, дзюдо 10-12 жас, жүзу 6-8 жас, мәнерлеп сырғанау 3-5 жас, шорт-трек 9-11 жас, шайбалы хоккей 6-8 жастан бастап қатысуына рұқсат етілген.

Жеке сұрақтар бойынша № 4 Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Боздақбаев Бекзат 8 707 101 62 01 немесе қабылдау бөлімі 23 05 48 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Спорт мектебі 3.jpg

Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз: