Kyzylorda-news.kz Жақында Грузия елінде дзюдодан өткен Әлем Кубогында жерлесіміз Айдана Ғазизқызы +70 кг салмақта үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанған болатын.
Осыған орай, Сыр жұртшылығы Әлем Кубогының жеңімпазын теміржол вокзалынан құрметпен күтіп алды.
Осы ретте, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы спортшымыздың айтулы жеңісімен құттықтап, алда өтетін додаларына сәттілік тіледі.
Еске салайық, Грузия мемлекетіндегі байрақты бәсекеге 19 мемлекеттен келген 200-ге жуық спортшы сынға түскен болатын.
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы