Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданына қарасты Төменарық ауылының тумасы Айым Абылай Астана қаласында өткен жас жасөспірімдер мен қыздар арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатында қола жүлдені иеленіп, аймақ абыройын асқақтатты. 

Айым Абылайдың спорттағы жетістігіне тренері Асылқожа Сағатовтың да еңбегі зор. Тренер Түгіскен ауылынан келіп, шәкірт тәрбилейді. Бүгінде №8 спорт мектебінің жас спортшылары ел додаларында жүлделі орындарды иеленіп жүр. 

«Шәкіртім Шиелі ауданда Ыбырай Жақаевты еске алуға арналға ел біріншілігінде алтыннан алға тағынып, «спорт шебері» нормативін орындады. Оның болашағы әлі алда, бұйырса, халықаралық және Әлем чемпионаттарында топ жару басты мақсатымыз. Оған дайындығымыз жеткілікті, тек Елорда төріндегі сәтсіздік болмағанда әлемдік аренада өнер көрсететін едік. Бұйырғаны осы болды», – деді бас бапкері. 

Асылқожа Сағатов тәжірибелі бапкер, білікті маман иесі, өзі де ардагерлер арасында өтетін қаншама турнирде топ жарып жүр. Осындай ұстаздан әрине талапты шәкірт шығары сөзсіз. Жеті жылдан аса аудан жастарын ауыр атлетикадан баптап жүрген талапшыл маманның мерейін биыл Айым Абылай үстем етті. 

«Шиелідегі турнир аса қатты ауыртпалық салған жоқ. Астанадағы ел бәсекесінде барымды салсам да қоладан аса алмадым. Бұл жақсы бастама, келер жылы кеткен есені қайтарамын, – деді чемпион. 

Айта кетейік, Айым Абылай Астанада 64 келіде өнер көрсетіп, қос сайыс бойынша 129 келіні көтерді. Негізі 6 рет қатарынан зілтемірді көтеру керек болса, соның бесеуінде спортшы жақсы нәтиже көрсетті. 
 

14.jpg

Тағы да оқыңыз: